«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қыркүйек 12, 2023

Дәурен – қола жүлдегер

Орал қаласында самбодан шеберлер арасында әлем чемпионаты өтті. Бұл жарыста ел намысын солтүстікқазақстандық балуан Дәурен Нұрғожин абыройлы қорғап, қанжығасын қола медальмен майлады. Биыл самбодан шеберлер арасындағы әлем біріншілігінде ерлер бөлек, әйелдер өз араларында мықтыны анықтады. 35-39 жастағы спортшылар қатарында 88 килограмм салмақ дәрежесінде қызылжарлық Дәурен Нұрғожин да сынға түсті. Жерлесіміз 4 кездесудің тек бірінде сүрінді. …

Дәурен – қола жүлдегер Read More »

АҒАЙЫНДЫ ЖАҚЫНДАСТЫРҒАН ЖАРЫС

Өткен жексенбі – елімізде отбасы күні аталып өтті. Осы мерейлі мерекеге орай Көкшетау қаласында шағын футболдан «Бір атаның балалары футбол ойнайды» деген атаумен аймақтық жарыс ұйымдастырылды. Отбасы институтын нығайту, ағайын-туыс арасын жақындастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа тарту мақсатын көздеген доп добасына Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының командалары қатысты. Отбасылық командалар арасында «Бір атаның …

АҒАЙЫНДЫ ЖАҚЫНДАСТЫРҒАН ЖАРЫС Read More »

ДОМБЫРА – ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫ

Ғасырлар тоғысынан, жылжыған жылдар ағысынан  күмбірлеген күйдің  қоңыр үні естіліп келеді. Түсінер түйсік, тыңдар құлақ барда күйдің  керуен көші тұрақсыз жалғаса беретіні анық.  Тарих толқынында қара домбыраның сырлы, шерлі  үнмен сөйлегені  бәрімізге белгілі. Біздің халық небір тар жол, тайғақ кешу, қиын-қыстау заманда да домбырасын қолынан тастамаған. Қуанғанда қуанышын, қайғырғанда жұбанышын домбыра үнімен жеткізіп келген. Қазақ …

ДОМБЫРА – ҚАЗАҚТЫҢ РУХЫ Read More »

ЕҢБЕКПЕН ЕЛІН СҮЙСІНТКЕН

Жылжып өткен жылдар тізбегінде артына еңбекпен із қалдырған аналарымыз  аз емес. Бүгінгі уақыт ағысында қазіргі қазақ қыздарына үлгі қылар  өткен толқынның арасынан еңбек иесін насихаттау кемшін түсіп жатқан жайы бар. Қазіргі  кезде көйлек көмкеріп, кесте тікпек  түгілі ине  ұстайтын аруларымыз көп деп айта алмаймыз. Бұрындары қыздарымыз оттың басы, ошақ қасының қамы ғана емес ұлт тағдырының …

ЕҢБЕКПЕН ЕЛІН СҮЙСІНТКЕН Read More »

ТЫҢ ИДЕЯЛАР ИНКУБАТОРЫ

Елімізде  ашылып жатқан кәсіптің дені  бизнес жоспардың дұрыс құрылмауы, қолдаудың  болмауының  салдарынан 3 жылға жетпей жұмысын  тоқтатады екен.  Осы орайда өңірімізде  жас стартапшыларды қолдау мақсатында «INHUB PETROPAVLOSK» бизнес-инкубаторы  құрылып, оның салтанатты ашулы рәсімі өтті.  Елімізде   студенттер мен жас мамандардың   ІТ саласында ғана емес, басқа да түрлі жаңа инновациялық идеялары қолдауға  мұқтаж.  Бизнес-инкубатор ұйымы жетекшілерінің айтуынша,  …

ТЫҢ ИДЕЯЛАР ИНКУБАТОРЫ Read More »

Еңбекқор әулет

«Еңбек жолы» өңірлік байқауының «Үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша жеңімпаз отбасы анықталды. Бұл атаққа «С. М. Киров атындағы зауыт» акционерлік қоғамында жұмыс істейтін Самковскийлер әулеті лайық деп танылды. Отағасы Виктор Самковский зауыттағы еңбек жолын 1977 жылы №15 цехта 5 санатты  электрик-аспапшы болып  бастады. 1988 жылы  электромонтер саласына   ауысып, электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі …

Еңбекқор әулет Read More »

БАҚЫТТЫ БАЛА  – БАЙЛЫҒЫМЫЗ

Қазіргі таңда қоғамда  жақынның да, жаттың да балаларға зорлық-зомбылық көрсетуі жиіледі. Бала жарық дүниеге шыр етіп келгеннен бастап қамқорлыққа мұқтаж. Сондықтан қоғам баланы мейірімге, қамқорлыққа бөлеп,   қауіпсіз, жайлы ортада тәрбиелеп, өсіруі тиіс. Өкінішке қарай, соңғы уақытта балалардың  үйде де, түзде де  қысымға ұшырайтыны  жайлы ақпараттар көбейді.  Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Балалар қорының (ары қарай – …

БАҚЫТТЫ БАЛА  – БАЙЛЫҒЫМЫЗ Read More »

Жұмыс істеуге жайлы

Әр  мемлекет  үшін маңызы зор, аса өзекті мәселелердің бірі – көші-қон саясаты. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері  көші-қон саясатына баса мән беріліп келеді. Себебі, жер аумағы кең мемлекетте халықтың жайлы қоныстануы – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың кепілі. Әрбір азаматтың тұрақты жұмысы, басыбайлы баспанасы болса, бұл халықтың әлеуетіне де,  өсіміне  де  оң әсер етеді.   Осы ретте  еліміздің  халық тығыз …

Жұмыс істеуге жайлы Read More »

39 мың оқушы тегін тамақтанады

Өңірімізде жаңа оқу жылынан бастап бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.  Облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібековтың айтуынша, 1 қыркүйектен бастап барлық бастауыш сынып оқушылары – 39 мыңға жуық бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 990 млн. теңге қаражат бөлінген. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында барлық өңірлердің оқушыларын тегін …

39 мың оқушы тегін тамақтанады Read More »

АЛТЫН АСТЫҚ — ЕЛ ЫРЫСЫ

Жауын-шашын салдарынан егін орағы бір аптаға кешеуілдеуде Өңірімізде жауын-шашынның салдарынан егін орағы шамамен бір аптаға кешеуілдеп жатыр. Әзірге дәнді және бұршақты дақылдардың тек 27 пайызы ғана жиналды. Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, тамыз айында 51,9 мм. мөлшерінде жауын жауған. Бұл әдеттегі нормадан 108 пайызға артық. Жоғары ылғалдылық диқандарға піскен астықты жинап алуды …

АЛТЫН АСТЫҚ — ЕЛ ЫРЫСЫ Read More »

Қазақ сыныптары көбейді

Қазіргі таңда Петропавл қаласында 36 білім ордасы бар. Оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын мектептер саны – 6. Жылдан жылға қазақша оқимын деген бала саны артқанымен,  мемлекеттік тілде білім беретін мектептерде орын саны шектеулі. Сондықтан биылғы оқу жылында облыс орталығындағы үш мектепте қазақ сыныбы ашылды. Осыған дейін қазақ тілінде оқитын балалардың санын арттыру мақ­сатында жаңа 2023-2024 …

Қазақ сыныптары көбейді Read More »

АЖАРЫ ГҮЛДЕЙ ЖАЙНАҒАН

Уәлиханов ауданының құрылғанына — 95 жыл Биыл қазаққа құт мекен болып, ұлтымыздың мақтанышына айналған, талай айбынды тұлғаларды тудырған Уәлиханов ауданының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Ғасырға жуық уақыт ішінде бұл мекен ауқымды өзгерістерді бастан кешіріп, тарихтың талай сынынан өтті. Уәлиханов ауданының 95 жылын мерекелеу салтанаты аудандық Мәдениет үйінде бастау алды. Салтанатты шараның әлқиссасы осы жерден …

АЖАРЫ ГҮЛДЕЙ ЖАЙНАҒАН Read More »