Еңбекқор әулет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Еңбек жолы» өңірлік байқауының «Үздік еңбек әулеті» аталымы бойынша жеңімпаз отбасы анықталды. Бұл атаққа «С. М. Киров атындағы зауыт» акционерлік қоғамында жұмыс істейтін Самковскийлер әулеті лайық деп танылды.

Отағасы Виктор Самковский зауыттағы еңбек жолын 1977 жылы №15 цехта 5 санатты  электрик-аспапшы болып  бастады. 1988 жылы  электромонтер саласына   ауысып, электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі маман атанды. 2019 жылғы қараша айында оған №2 құрастыру цехының пластмасса учаскесінің шебері  лауазымы сеніп тапсырылды.

Зайыбы Валентина Григорьевна 1987 жылғы қазан айында зауыттың №2 цехына  техник-жоспарлаушы болып жұмысқа орналасқан.  2006 жылғы қаңтар айынан бастап №1 механикалық цехқа қоймашы-диспетчер лауазымына ауыстырылды. Өндірісте тәжірибе жинаған ол 2020 жылдан бері  кәсіпорындағы жұмысын  инженер-диспетчер  ретінде жалғастыруда.

Ерлі-зайыптылардың ұлы Александр Самковский зауытқа 1996 жылы сәуірде №2 құрастыру цехына пластмассадан жасалған бұйымдарды престеуші болып жұмысқа қабылданған. Ал қыздары Нина  Самковская болса  зауытқа 2014 жылғы маусым айында №2 құрастыру цехының пластмассадан жасалған бұйымдарды өңдеушінің  шәкірті  ретінде келіпті. 2014 жылғы қазанда оған №2 құрастыру цехының пластмассадан жасалған бұйымдарды өңдеушінің 2 біліктілік  санаты  берілді.

«Біздің ең басты қағидамыз – адалдық. Адал адам ешқашан біреудің ала жібін аттамайды. Балаларымызды да осы ұстаным аясында тәрбиеледік», – дейді Виктор Самковский.

Бұл отбасының барлық мүшелерінің еңбек өтілін қосқанда, олардың бір ұйымда 118 жыл бойы  қызмет атқарғанын аңғаруға болады.  Самковскийлер әулеті алдағы уақытта елордада өтетін «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңіне  қатыспақ.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp