САПА БАҚЫЛАУДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл  Жол активтері сапасы ұлттық орталығы облыстық филиалы жергілікті атқарушы мемлекеттік органдармен жөндеу объектілеріндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөнінде шарт жасасты.

Жөндеу жұмыстары қызған кезде  филиал қызметкерлері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау сапасына, сондай-ақ жөнделген жолдар мен материалдарға сараптама жүргізу үшін  149 инспекциялық тексеру  жүргізді.  Оның нәтижесі бойынша 21 ереже бұзушылық анықталды. Ақаулар мен ескертулер республикалық, облыстық, аудандық және қалалық жолдарға  тән. Сонымен қатар жөндеу нысандарында сараптама  жүргізгенде  асфальт/бетон  жабындысының көлденең жарықшақтары және басқа да  олқылықтар анықталады.

Филиал мамандары осындай ақауларды  анықтаған кезде тапсырыс берушілерге оларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқама жібереді. Сондай-ақ шілдеден бастап және қыркүйектің бірінші онкүндігінде жол-құрылыс материалдарынан  611 сынама алынды. 202  сынама талапқа  сәйкес келмейді.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдар мен елді мекендердің көшелерінде жүргізілген жөндеу жұмыстары мен материалдардың сапасына сараптама жасау, сондай-ақ тексеру бойынша қызметтерді жүргізу мониторингі Жол активтері сапасы ұлттық орталығының облыстық филиалы басшылығының күнделікті бақылауында.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp