Өңірде тектеріне «-ов», «-ев» немесе «-ова», «-ева» жалғайтындар санының айтарлықтай кемігені байқалады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, елімізде соңғы екі жылда дүниеге келген ұлты қазақ балалардың 15 пайызында ғана «ов» пен «ев» қосымшалары кездескен. Бұл қосымшалар ең аз жалғанған өңірлер – Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Жетісу. Оған демографиялық көрсеткіштердің де әсері айтарлықтай.
Өкінішке қарай, орысша жалғаудан әлі де арыла алмай жүргендердің көш басында Астана мен Алматы қаласы тұр. Атап айтқанда, елордада 10498 баланың тегінде «-ов», «ев» немесе «-ова», «-ева» жалғанса, алматылықтардың арасында 7206 баланың тегі осындай.
2022 жылдан бері туған ұлты қазақ 403 854 баланың тегіне мұндай қосымша жалғанбаған.
Әлия АРҒЫМБАЕВА,
Ұлттық статистика бюросы облыстық департаментінің бас маманы-баспасөз хатшысы.