«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Онлайн кезек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Енді жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын азаматтар “Мо­бильді ХҚКО” қосымшасы арқылы емтихан тапсыруға өтініш беріп, алдын ала кезекті брондай алатын болады. Бұл жаңашылдық уақыт үнемдеуге әрі МХҚО-дағы қызмет алушылардың ағынын азайтуға септігін тигізеді.

Ол үшін қолданушыға “Мобильді ХҚКО” қосымшасында “Бейне қыз­метті” таңдау керек. Бұл сервис қыз­мет алушыны МХҚКО операторымен байланыстырады. Одан кейін клиентке мемлекеттік бажды тө­леуге немесе алдын ала төленген түбіртекті ұсынуға мүмкіндік бері­леді. Төлем жасалғаннан кейін №073/у формадағы медициналық анықтаманың, автомектепті аяқта­ғаны туралы куәліктің, қызмет алу­шының суретінің сканерленген нұс­қаларын және талапқа сәйкес қойылған қолтаңбаны сұрататын бо­лады. Оператормен сөйлесу бары­сында аталған барлық құжатты диа­логтық терезеде тіркеу қарасты­рылған. Айта кететін жайт, азамат өтінішті сәтті тапсырғаннан кейін, оған МХҚКО-ға алдын ала кезекті брондау үшін емтихан тапсыратын күн мен уақыт ұсынылады.

– Бұрын емтихан тапсыратын азаматтар өтініш беру және төлем жасау үшін МХҚКО-ға баруға мін­детті болатын. Енді бұл қызметті үйден шықпай, онлайн алуға бола­ды. Яғни бейнеқоңырау арқылы өтініш беріп және кезекті алдын ала брондайды. Одан кейін клиент МХҚКО-ға бекітілген уақытта келіп, емтихан тапсырады. Болашақта өті­ніш беру функциясын электронды порталға және екінші деңгейлі банктердің ақпараттық жүйелеріне енгізу жоспарда бар, – деді “Аза­маттарға арналған үкімет” мем­ле­кеттік корпорациясы басқарма төра­ғасы Сүйеніш Әбділдин.

Бұл қызметті “eGov mobile” қо­сымшасында да қолдануға болады. Ол үшін басты беттегі “БейнеХҚКО” батырмасын таңдау қажет.

Анар ҚҰСАНОВА,

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp