«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үміткерлерді ұсынды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста қарашаның 5-сі күні өтетін аудан әкімдерінің сайлауына “Amanat” партиясы атынан қатыса­тын үміткерлердің есімдері жария­ланды. Саяси партия атынан әкім­дер сайлауына Есіл ауданынан Ме­реке Мұхамедияров, Мамлют ауданынан Леденевка ауылдық округінің әкімі Абзал Исманов пен Тимирязев ауданынан Ерлан Жаров түседі.

– Менің ойымша, барлық ұсы­нылған үміткерлер – аудандардың дамуына сүбелі үлес қоса алатын азаматтар. Енді сайлауда кандидат­тар жеңіске жету үшін партияның сайлауалды бағдарламасын түсін­діреді, – деді “AMANAT” партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Же­ңіс Асанов.

Қазақстанда аудан әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалада өтпек. Ал біздің өңірде пилоттық ре­жімде Есіл, Мамлют және Тими­рязев аудандарының әкімдері сай­ланады. Жалпы 2021 жылдан бастап облыста 175 ауылдық округтің әкімдері сайла­ғанын айта кеткен жөн.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp