«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қордың қолдауы тегін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттің арнайы бағдарла­маларын жүзеге асыру арқылы отандық өндірісті дамыту көз­дел­ген. Бағдарламалардың опе­ра­торларының бірі – “Даму” кәсіп­кер­лікті дамыту қоры” АҚ. Қор кәсіп­керлік субъектілерге субсидия, кепілдік, сондай-ақ серіктес қаржы ұйымдар арқылы жеңілдікпен несиелеу құралдары арқылы қолдау көр­сетеді.

Қор кәсіпкерлерді республика­лық бюджет қаражаты есебінен қолдайды. Қордың қызметі аясында кәсіпкер өзіне тиімді бағдарламаны таңдаудан бастап, жоба жүзеге ас­қанға дейінгі сүйемелдеу бағытын тегін пайдаланады. Орталық менед­жерлері қолдау сұрап келген әр кәсіпкерге әрекет ету жоспарын қадам-қадаммен түсіндіреді.

Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру басталғаннан бері “Даму” қоры бүкіл Қазақстан бойын­ша жалпы сомасы 11,4 трлн теңге болатын 197 мыңға жуық биз­нес-жобаға қолдау көрсетті. Жобалар әртүрлі салаларды қамтиды. Бұл – мемлекет экономиканың барлық бағыттары мен қызмет түр­леріне көңіл бөлетінін көрсетеді. Әсіресе отандық өнім шығарушылар, IT-технология, аграрлық және ауыл ша­руашылығы, медицина, білім беру саласына басымдық беріледі.

Қор өндірілетін өнімдер мен қыз­меттердің сапалы деңгейге көтерілуі үшін қабілетті кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Бұл отандық тауар өндіру­шілердің бәсекеге қабілетті болуы­на, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып, тіпті экспортқа тауарларын шығаруға мүмкіндік жа­сайды.

“Даму” қоры мемлекеттік қолдауға өтінімді онлайн ресурстар ар­қылы қабылдайды және ол қызмет тегін, қандай да бір сыйақыны талап етпейді.

“Даму” қоры мемлекеттік қолдау бағдарламалары жөнінде толық ақ­парат алу үшін 1408 нөміріне (колл-орталыққа кез келген өңірден тегін қо­ңырау шалынады) немесе өз өңірі­ңіздегі қор филиалына тікелей ха­барласуға болады.

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp