«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҒДАЙЫ АУЫР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Жамбыл Жабаев көшесі, 231 мекенжайында орналасқан автогаз құю бекеті аумағынан өрт шықты. Газ тасымалдаушы “ЗИЛ-130” маркалы көліктің темір цистернасы отқа оранған.

Оқиға орнына дереу өртсөндірушілер шақырылып, құтқарушылар бір сағат ішінде қызыл жалынды ауыздықтайды. Өрттің салдарын жоюға 9 техника мен жеке құрамның 43 қызметкері жұмылдырылды.

– Газ тасымалдайтын көліктің 1958 жылы туған жүргізушісі құтқарылды. Ол дереу ауруханаға жеткізілді. Оттың шарпыған аумағы 20 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта қызыл жалынның шығу себептері анықталып жатыр, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерік Сарыбаев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тілсіз жаудан зардап шеккен жүргізушінің жағдайы ауыр. Денесінің 95 пайызын күйік шалған.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp