«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қолдан жасалған құжаттар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс прокурорлары ветеринар­лық қауіпсіздікті тексеріп, нәтиже­сінде осы салада бірқатар заң ­бұзушылықты анықтады. Ведомст­во өкілдерінің мәліметінше, ветери­нарлық қызметтер “Ветеринария ту­ралы” Заңның талаптары сақтал­мас­тан жүргізілген. Сала маман­да­ры ірі қара малға диагностикалық зерттеулерді толық көлемде жүр­гізбей, ветеринарлық құжаттарды беру және жануарларды вакциналау тәртібін бұзған.

Бұдан басқа ветеринариялық құжаттарды қолдан жасау фактілері анықталды, олардың ішінде ет өнім­деріне қатысты жалған ветеринарлық анықтамалар және вакцинация актілері бар. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойын­ша 4 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Аудан әкімдіктері ветеринария­лық ережелердің талаптарын бұза отырып, мал қорымдарын тиісті дең­гейде күтіп-ұстамаған. Сонымен қа­тар арнайы пункттерде емес, жеке аулада мал сою әлі жалғасып келе­ді. Қадағалау органының актісі бойын­ша 24 лауазымды тұлға, оның ішінде облыстық ветеринария бас­қармасының басшысы тәртіптік жа­уап­кершілікке тартылды, жол берілген заң бұзушылықтарды жою және осы саладағы жағдайды жақсарту бо­йынша кешенді жоспар әзірленді. Малды белгіленбеген жерлерде, яғни аулада сойған тұрғындарға әкімшілік жауапкершілік қарасты­рылған.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp