«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қазан 6, 2023

БАТЫР АНА

Тіршілікте жүзінен мейірім шуағы төгіліп, айналасына шапағат шұғыласын шашатын жаны жайсаң, жүрегі жомарт жандар қоғамымызда аз емес. Олар – адами қарым-қатынаста үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсетумен қатар, кісілік дарқан кейіптерімен ортаны өздерінше тәрбиелеп жүрген замандастарымыз. Сондай жандардың бірі – Орынбасар Жұмағұлова. Тайынша ауданының тумасы Орынбасар Қасқырбайқызы кезінде Көкшетау облысы №246 Красноармейск сайлау округінен Қазақ ССР …

БАТЫР АНА Read More »

ДЕТЕКТИВ ЖАНРЫНЫҢ ДАРАБОЗЫ

Әдебиетте оқырманды шым-шытырық оқиғаларға бастап, із кесуші­лердің басынан өткен түрлі жайт­тарды баяндайтын детектив дейтін жанр бар. Батыс әдебиетінде әл­деқашан қалыптасып, көпке таны­лып үлгерген бұл жанр қазақ әде­биетіне кеш келді. Кеш келсе де қа­лың оқыр­манның ықыласына бөле­ніп, қалам­герлердің есімін әйгіледі. Аталған жанрдың қазақ даласында өркен жаюына әсер етіп, негізін сал­ған жа­зушы – Кемел Тоқаев. Биыл де­тектив …

ДЕТЕКТИВ ЖАНРЫНЫҢ ДАРАБОЗЫ Read More »

Ақсұңқар құстай түлеген

“Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің мамандары “Абылай және оның заманы” деген атпен дәріс өткізді. XVIII ғасырдағы тұрмыстық заттармен безендірілген ашық аспан астындағы алаңқайға М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен колледждердің студенттері жиналды. “Абылай хан – XVIII ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Ол қазақ халқының тағдыр-талайы қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігін сақтап, үш жүздің …

Ақсұңқар құстай түлеген Read More »

“Арғы атам балуан болған”

Кеңес одағы тұсында да, тәуелсіз ел атанғаннан бері де Қазақстанның еркін күрес шеберлері әлем чемпионы атанып көрмепті. Осы олқылықтың орнын жерлесіміз Ризабек Айтмұқан тол­тырғаны белгілі. Уәлиханов ауданының тумасы Сербияның Белград қаласында өткен дү­ниежүзілік додада көк байрағымызды көкке көтеріп, әнұранымызды шырқатты. Жақында туған жерге табан тіреген балуанмен сұхбаттасудың сәті түсті. – Ризабек, әлем чемпионы атандың, тарихи …

“Арғы атам балуан болған” Read More »

Қамқоры ұл-қыздың

“Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан” деп ұлы Абай атамыз айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өне­гесі – оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, бағытынан тайма­сы анық. Ұстаз­дың әр адам жүрегі­нен алатын орны айрықша. Қолына қалам ұстатып, алғаш әріп үй­реткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем. Осындай ұстазда­рымыздың бірі – Қожаберген …

Қамқоры ұл-қыздың Read More »

ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАНЫҢ МҮМКІНДІГІ

Астанада “Пренаталды диагностиканың заманауи аспек­тілері” атты бірінші халықаралық конгресс өтті. Іс-шараға 350-ден астам пренаталды медицина саласының өкілдері, атап айтсақ гене­тиктер, ультрадыбыстық зерттеу дәрігерлері, акушер-гине­кологтар, зертхана диагностикасының мамандары, кардио­хирургтар және неонаталды хирургтар қатысты. Олардың қа­та­рында облыстық көпбейінді аурухана жанындағы перина­талдық орталықтың мамандары да болды. Конгресс барысында ультрады­быстық диагностика және медици­налық-генетикалық көмек бойынша жаңа стандарттарды іске асыру …

ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАНЫҢ МҮМКІНДІГІ Read More »

Қолдан жасалған құжаттар

Облыс прокурорлары ветеринар­лық қауіпсіздікті тексеріп, нәтиже­сінде осы салада бірқатар заң ­бұзушылықты анықтады. Ведомст­во өкілдерінің мәліметінше, ветери­нарлық қызметтер “Ветеринария ту­ралы” Заңның талаптары сақтал­мас­тан жүргізілген. Сала маман­да­ры ірі қара малға диагностикалық зерттеулерді толық көлемде жүр­гізбей, ветеринарлық құжаттарды беру және жануарларды вакциналау тәртібін бұзған. Бұдан басқа ветеринариялық құжаттарды қолдан жасау фактілері анықталды, олардың ішінде ет өнім­деріне қатысты жалған …

Қолдан жасалған құжаттар Read More »

Бөлімге жүктелер міндет мол

Петропавл станциясындағы желілік полиция бөлімі (ЖПБ) қызметкерлеріне қойылатын басты талап – қызмет көрсету аумағында қылмыстардың алдын алу, қоғамдық тәртіп шараларын күшейте отырып, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Салалық министрліктің қолдауымен “Погонды журналист” жобасы жүзеге асырылғалы темір жол және вокзал аймағында темірдей тәртіпті орнықтыру жолындағы кешенді іс-шаралар жіті қолға алынып, тіршілік қыж-қыж қайнап сала берген сияқты. Осыған …

Бөлімге жүктелер міндет мол Read More »

Сен маған ақ бесіксің тербетілген!

Шал ақын ауданындағы Ортақкөл ауылы өте әдемі жерде орналасқан. Айнала ақ қайың мен жасыл терек араласқан қалың орман, балығы шоршыған, аққу-қазы сұңқылдаған, қамыс-құрағы сыңсыған айдын шалқар көлдер, шөбі шүйгін шалғындар мен астықты алқаптар көз сүріндіреді. Біздің елдің табиғатының сұлулығына тамсанып, таңғалған жазушы Қоғабай Сарсекеев әкем Зейнел-Ғаби Иманбаевтың туғанына жетпіс жыл толуын атап өткен салтанатты жиында …

Сен маған ақ бесіксің тербетілген! Read More »

ТАЛАП ҚОЮ ТӘРТІБІ

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (ӘРПК) 2020 жылғы 29 маусымда қабылданып, аталған заңнамаға сәйкес сотта қаралатын істер – әкімшілік іс деп аталады.  Оның 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енуі сот қызметіне серпін беріп, заңнама нормаларын қалыптастыруда атқарылып жатқан жұмыстар қыруар. Кодексте анық жазылғандай әкімшілік іс талап қою негізінде қозғалады. Талап қою сотқа жазбаша немесе электрондық цифрлық …

ТАЛАП ҚОЮ ТӘРТІБІ Read More »

Балабақша қызметкері туберкулез жұқтырған

Петропавлдағы “Балдәурен” балабақшасының қызметкерінен туберкулез дерті анықталды. Аурудың таралуын болдырмау мақсатында мекемеде дезинфекция жүргізілген. Алайда ол түсте, балалар ұйықтап жатқан уақытта жасалыпты. Бұл жағдайды тәрбиешілер ата-аналарға алдын ала ескертіп, бүлдіршіндерді балабақшадан ертерек әкетуді сұраған. “Дезинфекция жұмысын балалар кеткен соң немесе демалыс күні де жүргізуге болатын еді. Мамандар балалар ұйықтап жатқан кезде бактерияны өлтіру үшін бөлмелерге …

Балабақша қызметкері туберкулез жұқтырған Read More »

САҢЫРАУҚҰЛАҚ ӨСІРМЕК

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қаладағы “Raduga KDR” ЖШС компаниясын аралап көріп, өндіріс нысанының жұмыс барысымен танысты. “Raduga KDR” – картон-қағаз комбинаты, металл-пластик өнімдерін жасау зауыты мен тұрмыстық химия өнімдері фабрикасы сияқты бірнеше өндіріс орындарын біріктірген үлкен компания. Ең алдымен “Raduga KDR” ЖШС-ның полимерлі қаптама қалдықтарын жинайтын және қайта өңдейтін ірі кәсіпорнына ат басын тіреген облыс …

САҢЫРАУҚҰЛАҚ ӨСІРМЕК Read More »

Табысты жобалар

Жалпы жобалық құны 5,5 млрд. теңге қаражатқа тұр­ғы­зыл­ған “EMC-Agro” ЖШС 68 түрлі өнім шығарады. Өңір бас­шысы Ғауез Нұрмұхам­бе­тов Тайынша ауданына жұмыс сапарын осы кәсіпорынды аралаудан бас­тады. Серіктестіктің директоры Қанат Атайбеков нысанның 2019 жылы пайдалануға берілгенін, 147 адам ең­бек ететінін, жыл басынан бері 103 тонна шұжық, 105 тонна жартылай фабрикат өндірілгенін, алдағы уа­қытта тұшпара цехын салу …

Табысты жобалар Read More »

Шәкірт жанының шырақшысы

Ұстаздық – қай кезде де сыйқұрметке лайық, сұранысқа ие мамандық. Қарапайым жұмысшы да, ел басқарып отырған басшы да, ғалымдар мен өнертапқыштар да, әлемге танымал өнерпаздар да ұстаз алдынан өткен. Сондықтан ұс­таздар күні – елімізде орны бөлек мерекелердің бірі. Петропавлдағы Жастар сарайында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен ұстаз­дар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Өңір мұғалімдерін кәсіби …

Шәкірт жанының шырақшысы Read More »

Мұғалім болу – қастерлі міндет

Елордада І республикалық пед­агогтер съезі өтті. Келелі жиынға Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысты. Сондай-ақ ма­ңызды іс-шараға еліміздің әр өңі­рінен 700-ден аса педагог жиналды. Алқалы басқосуда білім беру жүйе­сіндегі өзекті мәселелер мен оның тиімді шешімдері айтылып, үздік пе­дагогтер марапатталды. 5 мың педагог жетіспейді Республикалық педагогтер съе­зін ашқан Президент әуелі білім беру саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен …

Мұғалім болу – қастерлі міндет Read More »