«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Табысты жобалар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жалпы жобалық құны 5,5 млрд. теңге қаражатқа тұр­ғы­зыл­ған “EMC-Agro” ЖШС 68 түрлі өнім шығарады. Өңір бас­шысы Ғауез Нұрмұхам­бе­тов Тайынша ауданына жұмыс сапарын осы кәсіпорынды аралаудан бас­тады.

Серіктестіктің директоры Қанат Атайбеков нысанның 2019 жылы пайдалануға берілгенін, 147 адам ең­бек ететінін, жыл басынан бері 103 тонна шұжық, 105 тонна жартылай фабрикат өндірілгенін, алдағы уа­қытта тұшпара цехын салу жоспар­ланып отырғанын жеткізді. Бұдан бөлек, өсірілетін 100 мыңға жуық мал ба­­сын екі есеге дейін көбейту, ге­нетикалық орталық ашу көзделген. Дайын өнімдер 10 фирмалық дүкен­де сатылады.

2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан “BioOperations” ЖШС-да отандық астықты тереңдетіп өңдеу ар­қы­лы крахмал, бидай глютені, био­этанол, көмірқышқыл газы, мал азы­ғы өндірісін дамыту жолға қойылған. Соңғы үш жарым жылдың ішінде 6,5 млрд. теңге мөлшерінде инвестиция құйылған.

Облыс әкімі “Элеватор Тайынша” ЖШС-да астық қабылдау кәсіпорын­дарының басшыларымен кездесу өткізді. Серіктестік директоры Шиназ­бек Балқыбектің айтуынша, кәсіпорынның  сыйымдылығы 118 мың тон­наға жуық. Биылғы жылдың ас­тығын тазартып, кептіруде кідіріс жоқ. Өндірістік-технологиялық зертха­на, төрт астық кептіргіш агрегат жұмыс істейді.

Бұдан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов спорт, білім беру мекемелерін аралады. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде заманауи қондырғылар орнатылған. Футбол, баскетбол, еркін күрес, ауыр атлетика, пауэрлифтинг, допты хоккей, үстел теннисі, волейбол, бокс, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, дзюдо, жеңіл атлетика секілді 16 үйірме құрылған. Оларда кәмелетке толмаған 543 бала жүйелі түрде оқу-жаттығу сабақтарына қатысады. Кешен технологиялық жағынан талапқа сай жабдықталған.

Өңір басшысы биыл өз есігін айқара ашқан №1 орта мектептің жаңа ғимаратында болды.

“Сіздерді жаңа заманауи мектептің ашылуымен құттықтаймын. Осында білім алып жатқан оқушылар бақытты. Тайынша қаласында жалпы білім беретін мекеменің жаңа ғимаратын салуға республикалық бюджеттен қаражат бөлінгені – балғындарға деген қамқорлықтың үлгісі.  Талапты да талантты оқушылар қатарының көбейе беруіне тілектеспін”, – деді өз сөзінде облыс әкімі.

Ғауез Нұрмұхамбетов Абай ауылдық округінің орталығы – Қарағаш ауылында жолдарды жөндеу барысымен танысты. “En2012” ЖШС-ның жетекшісі Карен Назеян көшелерді қалпына келтіруге 104,6 млн. теңге қарастырылғанын жеткізді.  Әкім осында тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-тілектерін зейін қоя тыңдады. Жиында елді мекендерді абаттандыру, тағы басқа өткір мәселелер талқыланды. Су құбырының апатты жайы да айтылды. Аудан әкімі Берік Әлжанов жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы шеңберінде қаражат сұралғанын жеткізді. Ауыл фельдшері дәрігерлік амбулаторияның әбден тозғанын айта келіп,  көмек беруді өтінді.

“Округ орталығында 6 көше жолдарының жөнделуі құптарлық. Келесі жылы су желілерін қалпына келтіруді қарастырамыз. Сондай-ақ фельдшерлікакушерлік пункттің құрылысы басталады”, – деген өңір басшысы кездесуден кейін тәжірибелі диқан Сергей Звольский жетекшілік ететін “Астық STEM” ЖШС-ның шаруашылық жағдайымен танысып,  сыйымдылығы 1,8 мың тонналық көкөніс қоймасына барды.

Шаруашылық 11,5 мың гектар алқапқа егілген дақылдарды түгел жинап алыпты. Тауарлы-сүт фермасында 414 сиыр сауылады.

Облыс әкімі шаруаларды толғандыратын мәселелерді мұқият тыңдап,  орынбасарлары мен тиісті ведомство басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Екатерина  ЕРМОЛАЕВА.

Тайынша ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp