«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Орақты уақытында аяқтады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов кезекті жұмыс сапарын Есіл ауданында жалғастырып, бірнеше әлеуметтік нысан­ды аралап, кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен таныс­ты. Агроқұрылым басшыларымен, тұрғындармен кездесіп, тол­ғандырып жүрген мәселелерді сұрады.

“Облыс бойынша астықтың 97,8 пайызы жиналса, ауданда жауапты науқан аяқталған екен. Өнімділік көрсеткіші жаман емес. Қысқа дайын­дық қызу қарқын алған. Се­ріктестіктердің тәжірибелі мамандармен қамтылғаны құптарлық. Алдағы уақытта да бір­лескен ынтымақтастық байланыстарды үзбейтін боламыз”, – деді Ғауез Торсанұлы.

Аудан диқандары 218 мың гек­тар алқапқа егілген дәнді дақыл­дарды ұйымшылдықпен жинап алып, гектар берекелігі 14,5 цент­нерден айналған.

Өңір басшысы “Егін” ЖШС-ның 2010 жылы іске қосылған макарон-диірмен кешенінде болды. Мұнда жұ­мыс істейтін 97 адам жылына 3795 тонна ұн, 812 тонна макарон өндіреді. Өнім ішкі нарықпен қатар Түркіменстанға да жіберіледі. Жыл басынан бері 2822 тонна ұн, 606 тонна макарон өнімдері тұтыну­шыларға жолданған. 1-ші сұрыпты ұн­ның бір килограмы – 174, мака­рон – 260 теңге.

Бұдан кейін облыс әкімі Нико­лаевка ауылына барды. Қалпына кел­тіру жұмыстарына жауапты “Га­вар Компаний” ЖШС ұзындығы 5 ша­қырымнан асатын 3 негізгі көше­ге асфальт төсеген. Бұл мақсат үшін бюджеттен 188,2 млн. теңге қа­ражат бөлінген. Серіктестік дирек­торы Ар­тур Саадян тапсырманың белгілен­ген уақытта атқарылаты­нын жеткізді. Бұған дейін облыс ор­талығын­дағы “Береке”, “Жас өркен” шағын-ау­дандарында асфальт төсеу­мен айналысыпты.

Өңір басшысы белгіленген мін­деттемелердің кестеден кешікті­рілмей орындалуын атап көрсетті. Мер­дігер компания жобаны қолға алып, оны уақытылы атқармаса, қара­жатты игере алмаса, бірден “қара тізімге” енгізілетінін ескертті.

Асқар Игібаев атындағы орта мектеп жанындағы 40 балаға лайық­талған интернатқа “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында күрделі жөн­деу жүргізілген. Білім ошағының директоры Әмина Ос­панова өңір басшысын атқарылып жатқан жұмыс­тармен таныстырды. Дәліз екіге бө­лініп, оң жақ қанатқа – ұлдар, сол жақ қанатқа қыздар орналасты­рылған. Мұнда Бірлік, Қаратал, Спа­совка, Сарман, Өрнек ауылдары­ның оқушылары тұрып оқиды.

Ғауез Нұрмұхамбетов Нико­лаевка ауылының тұрғындарымен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдады. 1400-ден астам тұрғыны бар елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Кездесу барысында электр жарығының жиі сөніп қалатыны айтылды. Жалақының аздығынан маман тұрақтамайтын кө­рінеді. Осыған орай жауапты басқарма басшылығына тапсырма бе­ріліп, еңбекақыны көтеру мәселесі пысықталатын болды. Облыс әкімі айтылған мәселелерді жеке бақы­лауына алатынын айтты.

 Жансая ҚАЙЫПОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp