«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕСКӨЛДЕГІ АЛҒАШҚЫ ДҮКЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында әлеуметтік тұрақтандыру қорының дүкені ашылды. Бұл сауда – тұрақтандыру қорының ауылдық жерлерде ашылған бірінші, ал жалпы облыс бойынша жұмыс істеп тұрған сегізінші дүкені. Қордың Петропавлда дәл осындай жеті дүкені бар. Ауылдағы сауда нүктесіндегі тауар түрлері қаладағыдан ерекшеленбейді. Мұнда күріш, қарақұмық, макарон, бірінші сұрыпты ұн,  жұмыртқа, қант, тұз, күнбағыс майы, картоп, қырыққабат, сәбіз, тауық еті сатылады. Тауар бағалары нарықтағыдан анағұрлым арзан. Сондай-ақ қордың бүкіл дүкендеріндегі баға бірдей. Бескөлдегі дүкеннің сатушысы бірінші күні-ақ 30 шақты адам сауда жасағанын айтты.

“Бізде 1 кг картоптың бағасы – 100 теңге, қырыққабаттың келісі – 95 теңге. Ал тұрғындар арасында сұранысқа ие “DEZ” маркалы ұнның 2 килограмдық қаптамасы – 253 теңге. Бұған дейін ауыл тұрғындары осы ұнды алу үшін Петропавлға баратын еді. Енді алыстан арқаламай, Бескөлдегі дүкеннен сатып алатын болды”, – дейді сатушы Елена Лукина.

Тұрақтандыру қорының бұл дүкені “Қазпоштаның” жанында орналасқан. Ал Петропавл қаласында “Дария”, “Алтын арман”, “Тайга”, “Алматы-Петропавл”, “Кызылжар” коммуналдық базары мен “Корона”, “Океан” сауда үйлерінде нүктелері бар.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp