«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үміткерлер тіркелді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымыздағы Есіл, Мам­лют және Тимирязев аудандарының әкімдерін сайлау үс­тіміздегі жылдың 5 қарашасына тағайындалғаны белгілі. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 5 қазанда аяқталды.

Үш сайлау округі бойынша 12 кан­дидат, оның ішінде алтауы саяси пар­тиядан (“AMANAT” партиясы – 3, ҚХП – 3) және алтауы – өзін-өзі ұсыну тәр­ті­бімен ұсынылды.

Облыстық сайлау комиссиясы­ның хабарлауынша, 12 кандидаттың біреуі – әйел. Кандидаттардың орташа жасы – 50. Ең жас кандидат 32 -де, ең егдесі – 61 жаста.

Ұсынылған кандидаттардың оны – мемлекеттік қызметші, екеуі – бюд­жеттік мекемелердің қызметкері. Бес кандидаттың заңгерлік, үшеуінің эко­номикалық, екеуінің ауылшаруашылығы және педагогикалық білімі бар. 11 кандидаттың талапқа сәй­кестігі анықталды, бір кандидат мемле­кет­тік қызмет саласындағы заң­наманың талаптарына сәйкес келмеді.

Кандидаттарды тіркеу 10 қазанда аяқталады. Тіркеудің қорытындысы сайлау комиссияларының ресми ин­тернет-парақшасында жариялана­ды.

2023 жылғы 1 шілдедегі ақпарат бойынша аталған үш аудандағы 113 елді мекенде 36 мыңнан астам сай­лаушы бар. Жалпы тұрғындардың саны – 48403 адам.

Бұл сайлау кампаниясында облыстық сайлау комиссиясы, 3 аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен 84 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Учаскелік сайлау комиссияларының 440 мүшесі бар.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp