«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Әккілердің әрекетіне тосқауыл

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық прокуратурада өткен жиында алаяқтық фактілеріне қатысты істерді ашу және тергеу барысында заң талаптарының сақталуы, алаяқтықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі мәселесі талқыланды.

Аталған жиынға құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Петропавл қалалық басқармасының, “Аманат” партиясының және “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” акционерлік қоғамының өкілдері қатысты.

Олар өңірімізде соңғы жылдары алаяқтық оқиғаларының белең алып отырғанын сөз етті. Мысалы, 2017 жылы барлығы 61 алаяқтық дерегі анықталған болса, 2021 жылы – 781, 2022 жылы – 991, 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 615 факті тіркелген. Бұл ретте интернет-алаяқтық салдарынан келтірілген шығын көлемі 500 млн. теңгеден асады. Аталған қылмыспен күрестің тиімді тәсілдерінің бірі тұрғындар арасында профилактикалық шаралар жүргізу.

Прокуратура мамандары интернет-алаяқтардың қармағына ілінбеу үшін банк карталарының CVV-кодын ешкімге айтпай, тек сенімді дереккөздердегі ақпаратқа жүгіну керек екенін айтады. Күмәнді қоңырау түскенде тұрғындар “102” нөміріне немесе “1459” сенім телефонына хабарласып, сұрақтарына жауап ала алады. Жиналыс қорытындысы бойынша құқық қорғау және жауапты органдар алдына интернет алаяқтыққа қарсы әрекет етуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер қойылды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp