«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАЛ ҚОҒАМ АЛҒА БАСАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Еліміздің дамуы мен әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі сыбай­лас жемқорлықты еңсеру болып та­былады. Қоғамды жегідей жеген ін­детке қарсы тосқауыл қоюдың бір жолы – оған қарсы мәдениетті, яғни қоғамды жемқорлықтан жаппай жи­рендіру, адамдар бойында кіршіксіз адалдық сезімін қалыптастыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қар­сы ымырасыз күрес мемлекеттік сая­саттың негізгі басымдықтарының бірі екенін айрықша атап көрсеткен болатын. Бүгінгі күні өңірде сыбай­лас жемқорлыққа қарсы адалдық, парасаттылық идеологиясын орнық­ты­руға, қоғамдық бақылауды күшей­туге бағытталған алдын алу жұмыс­тарын кешенді түрде жүргізуге ба­сым­дық беріліп, ерекше назар ауда­ры­лып отыр. Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби “Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде… адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке ба­ғыттап отыруында” деуінде үлкен мән бар. Ғұламаның айтуынша, жа­ман мінезде жасампаз­дық, қайы­рым­дылық жетіспейді, ба­қыт пен бақ-дәулетке жеткізетін жол таңдау­сыз қалады. Жаман мінезді бас­шыда бұзық әрекет мүмкіндігі жақсы­лық жасаудан басым түседі. Теріс қасиет пен қылықтар бір-бірі­мен ұласқанда елдің ыдырауы мен құл­дырауы жақын тұрады.

Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сы­байлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы шеңберінде 2022 жылы сыбайлас жемқорлық тәуе­келдеріне ішкі талдау жүргізілді. Осы жылы “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қи­мыл” жобасының төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру басталды. Жоба шеңберіндегі бірін­ші кезең сыбайлас жемқорлық тәуе­келдеріне ішкі талдау жүргізуге ба­ғытталды. Оның қорытындысы негізін­де 5 ұсыныс әзірленіп, түгел дер­лік орындалды. Осынау игі бастама­ны жүзеге асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясы, діни бірлестіктердің, этномәдени орталықтарының өкіл­дері, қоғамдық пікір көшбасшылары тартылып, парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық құндылықтары кеңінен наси­хатталды, басқаларға үлгі етілді. Об­лыс тұрғындары арасында сыбай­лас жем­қорлыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыру жөніндегі жұмыста “Qyzyl­jar”, “МТРА”, “Бірінші Солтүс­тік” те­леарналарының, “Soltüstık Qa­zaq­stan”, “Северный Казахстан” ба­сы­лымдарының, ақпараттық пор­талдардың, әлеуметтік желілердегі топ­тардың ресурстары кеңінен пай­да­ланылды.

Биыл маусым айында БАҚ өкіл­дері арасында сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы тақырыптағы үздік ма­те­риалдарға өңірлік конкурс ұйымдастырылды. “Үздік телевизиялық жұмыс” аталымында “Qyzyljar” телеарнасының жүргізушісі Елена Гор­бань, “Үздік баспа басылымы” аталы­мында “Soltústik Qazaqstan” газеті­нің бөлім меңгерушісі Өмір Есқали жеңімпаз атанды.

Өңірлік коммуникациялар қыз­меті алаңында Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің об­лыстық департаменті басшылығы­ның қатысуымен брифингтер өткізі­ліп, “дөңгелек үстелдер” ұйымдас­ты­­­рылды. Облыстық “Қазақ тілі” қо­ға­мы мемлекеттік құрылымдардың қыз­мет­керлеріне арнап патриоттық дик­танттар жаздырды. “Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы волонтерлік” жо­басы аясында жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл департаментінің офи­цері Е.Әубә­кірованың “Ассамблея жаста­ры” РҚБ белсенді еріктілері­мен және “Қо­ғамдық келісім” КММ қыз­меткерле­­рімен кездесуі өте әсерлі өтті.

Әділетті Қазақстан құру жо­лында Президент белгілеп берген сая­си-экономикалық реформалар мен жаңару бағытын ұстана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң­ды әрекеттер мен әділ шешімдерді жалғастыру алғы мақсат болып қала береді.

 Асқар ХАБИБУЛИН,

облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp