«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ерте жүктілік етек алды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде кәмелет жасына тол­маған қыздар арасында жүк­тілік көбейіп барады. Мәселен, бүгінде балалықтан әлі қол үзбеген 49 қыз жүк­тілік бо­йынша есепте тұр. Ал 32 жас­өспірім ана атанған.

Полиция департаментінің мәлі­ме­тінше, үстіміздегі жылдың 8 айы­ның қорытындысы бойынша кәме­летке толмағандарға қатысты жы­ныс­тық сипаттағы қылмыстардың 17 фактісі тіркелген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының маман­дары хабарлағандай, 32 жасөспірім босанып, 29-қыз уақытын күтіп жүр. Ал 10 жасөспірім жа­санды түсік жа­сатқан.

– Жүкті болған жасөспірімдердің құқығы заңмен қорғалуы тиіс. Есепке тұрған кезде кәмелет жасына тол­мағанын білген емхана дәрігері де­реу полиция органдарына хабар­лай­ды. Олар бұған жол берген ер адам­ның үстінен қылмыстық іс қозғауы тиіс. Қыл­мыстық кодекстің 122 бабы­на сәй­кес, қыздың жасы он алтыға толмаған жағдайда онымен жақын қарым-қатынаста болу қыл­мыс саналады. Зорлықшы алты ай­дан бастап, үш не­месе бес жылға де­йін бас бостан­дығынан айырылады, – деді облыс­тық денсаулық сақтау бас­қармасы­ның баспасөз хатшысы Сә­лімхан Сә­битов.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp