«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Виртуалды мектеп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы Назар­баев зияткерлік мектебі вир­туалды білім алу жобасын іске қосты.

Виртуалды мектеп – 5 және 6-сынып оқушыларын “Өркен” білім бе­ру гранты бойынша Назарбаев зият­керлік мектептерінің 7-сыныбында оқуға конкурстық іріктеуге дайын­дайтын тегін білім беру платфор­масы. “Математика”, “Қазақ тілі”, “Орыс тілі”, “Ағылшын тілі”, “Жа­ратылыстану” пәндерінен оқу бағ­дарламалары білім берудің тиімді­лігін арттыруға, баланың ынтасы мен қажетті дағдыларын дамытуға және Назарбаев зияткерлік мектебіне түсуге дайындықты бастауға мүм­кіндік береді.

Виртуалды мектепте оқу аяқ­талғаннан кейін оқушының  қашық­тан  меңгерген тақырыптарды бекіту­ге арналған тапсырмаларды орын­дауы және қорытынды тестілеуден өтуі қажет. Қорытынды емтиханда ең жоғары ұпайдың 50 және одан да көп пайызын жинаған оқушылар дема­лыс кезінде Назарбаев зияткерлік мек­тептері базасындағы каникуляр­лы мектепке шақырылады.

Бұған дейін еліміздің барлық өңіріндегі Назарбаев мектептері жа­нынан ашылған виртуалды мектепте 22 949 оқушы білім алған. 4 574 оқу­шы “Өркен” білім грантын иеленген. 11 мыңнан астам талапкер шекті ұпай жинап, өз облыстарындағы ка­никулярлы мектепте оқуларын жал­ғастыруда.

Еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің 6-сынып оқушыларына арналған NIS виртуалды мектебіне тіркелу 2023 жылдың 18 желтоқ­санына дейін жүргізіледі.

“Qyzyljarnews.kz”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp