«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАУАПСЫЗДАРМЕН КЕЛІСІМШАРТ БҰЗЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов бас шаhардағы құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралап, қайта бақылау жүргізді. Сондай-ақ көпқабатты үйлерді абаттандыру мен емханалар құрылысы бойынша жұмыстардың аяқталуын тексерді.

Алдымен “Alageum Elektrik” ЖШС-ның ұжымы үшін салып жат­қан 100 пәтерлік жаңа тұрғын үйге бар­­ды. Мұнда баспана маңайын абат­тандыру мен коммуникация жүйеле­рін тарту қызу қолға алынған. Өңір басшысы бұл жұмыстарды мер­зімін­де аяқтауды тапсырды.

Бұдан кейін Парк және Горький көшелеріндегі көппәтерлі тұрғын үй­лер мен Театр және Потанин кө­ше­леріндегі жол учаскелерінде болды. Тұрғындарды жол жайы қатты алаң­датып отыр. Әсіресе жауын-ша­шын­ды күндері жүріп-тұру қиын.

“Құрылыс жұмыстарының белгі­лен­ген кестеден кешігуі осы істерге жауапты мердігерлерді бірінші кезекте ойландыруы тиіс. Жұртшы­лықты әбігерге салып қоюды қалай тү­сінуге болады? Тез арада нақты ша­ралар қабылданбаса, басқа ас­фальт зауыттарымен келісімшарт жасасуға тура келеді”, – деді Ғауез Тор­санұлы.

Проблемалы нысандардың бірі – “Береке” шағынауданындағы 600 пә­терлі алты үй. Коммуникациялық желілер тартылмағандықтан отбасылар қоныстана алмай отыр.

Учаскедегі техникалық қадаға­лау сарапшысы Виктор Ерощенко­ның сөзіне қарағанда, мәселе кәріз жүйесін ор­нату бойынша туындап отыр. Оны­мен “Қызылжар су” мекемесі айна­лысып жатқан көрінеді. Тартылатын құбырдың ұзындығы 300 метрге жуық.

Өңір басшысы құрылыс нысан­дарын аралау барысында Уәлиха­нов көшесінде салынып жатқан екі көпқ­абатты үйде болып, мердігер ұйымға нақты тапсырмалар жүк­теді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp