«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алғыр оқушылар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әлихан Бөкейханов атын­дағы №25 орта мек­тепте республикалық балалар оқулары байқауы­ның облыстық кезеңі өт­ті. Оған облыс орталығы мен аудандардан 32 оқушы қатысты. Білім мен өнер додасының қалалық және аудандық кезеңдерінде бар­лығы – 373 өрен бағын сы­наған екен.

Сайыс барысында 8-сынып оқушылары “Кел, балалар оқы­лық!” тақырыбында Шерхан Мұр­тазаның “Қызыл жебе” тарихи туындысының бірінші кітабы мен Джек Лондонның “Теңіз қорқауы” романы бойынша эссе жазудан сынға түсті. 9-сынып оқушыла­рына “Ғасырлар тарихты жыр­лайды” тақырыбы ұсынылыпты. Олар бұл сында Әбіш Кекіл­баевтың “Үркер” романы және Роберт Льиюс Стивенсоның “Қа­зына аралы” романының мазмұ­нын қағазға түсірді. Ал 10-сынып шәкірттері “Ұлы Дала ұлағаты” тақырыбында Ілияс Есенбер­линнің “Көшпенділер” романы мен Фенимор Купердің “Могиканның соңғы тұяғы” шығармасы бойын­ша білімдерін ортаға салды.

 – Былтыр ұйымдастырылған байқауға – 1 оқушы қатыстырған болатынбыз. Ал биылғы бай­қау­дың аудандық кезеңіне 4 оқушы қатысып, соның үшеуі облыстық кезеңге жолдама алды. Олардың барлығына жүлде бұйырды. Біз бұл байқауға 2 ай көлемінде да­йындалдық. Әр сыныптың оқушы­сы 2 кітаптан оқыды. Біреуі – қазақ тіліндегі кітап, екіншісі – шетел әдебиеті, – дейді Мамлют ауда­нындағы Бексейіт орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Әкежан Қажығалиев.

 Эссе жазу үшін талапкерлерге 90 минут уақыт берілді. Алдын ала әзірленген тест сұрақтарына жа­уап беру үшін бір сағат жеткілікті болды. Қазылар алқасының ше­шімімен Бексейіттегі білім ошағының 8-сынып оқушысы Даяна Сапарғалиева, Ақжар ауданын­дағы Май орта мектебінің 9-сынып оқушысы Айнара Лұқман, Жам­был ауданының орталығы – Прес­новкада орналасқан Қожаберген жырау атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Жанель Күрке­нова жеңімпаз деп танылып, рес­публикалық кезеңге жолдама алды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp