«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қазан 13, 2023

Озық тәжірибе

Отандық медицина заман ағымына сай дамып, озық тәжірибе өңірлерде де қолданысқа енгізіліп жатыр. Мәселен облысымыздағы кардиологиялық орталыққа жылына 3 мыңға жуық сырқат қаралып, дәрігерлер мыңнан астам, ал тәулігіне орта есеппен 20 шақты түрлі ота жасайды. Соның бірі – аорто коронарлы шунттау отасы. Кемінде 3 сағатқа созылатын бұл операцияның кімдерге жасалатындығы және отадан кейінгі оңалту жайында …

Озық тәжірибе Read More »

Желге ұшқан қаржы

Облыс прокурорлары бюджет қаражатын мақсатты жұмсау ісіне қа­тысты талдау жүргізіп, мемле­кеттік сатып алу туралы заңнама талап­тарының бұзылғанын анық­тады. Ақжар аудандық экономика жә­не қаржы бөлімінің лауазымды адам­дары “Автомобиль жолдары ту­ралы” Заңның 14-бабының та­лап­та­рын бұза отырып, ведомство­лық са­раптамасыз, 3 ауылдағы жолдар­ды жөндеу бойынша мем­лекеттік са­тып алу жүргізген. Про­курорлық қа­дағалау нәти­же­сінде тиісті шаралар қабылданып, атал­ған сатып алу­лардың күші …

Желге ұшқан қаржы Read More »

Маңызды сала

Әлем  елдері  жыл сайын 14 қазанда стандарттау күнін атап өтеді. Ол 1970 жылы ISO президенті Фарук Сунтердің бастамасымен әлемнің барлық экономикалары үшін стандарттаудың маңызды­лы­ғын атап өту және ондаған мың стан­дарттау мамандарына құрмет көрсе­ту үшін енгізілді. Жыл сайын мерекенің жаңа ұраны таңдалып, ол өткі­зілетін іс-шаралардың негізгі тақы­ры­бына айналады. Биылғы Дү­ние­жүзілік стандарттау күнінің тақы­ры­бы – “Жақсы әлем …

Маңызды сала Read More »

КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Облыстық қоғамдық кеңестің ке­зекті отырысы өтті. Бұл жолғы жиын­ның күн тәртібіне 3 мәселе шыға­рыл­ды. Облыстық қаржы басқармасы­ның басшысы Наталья Дышкант, облыстық ішкі саясат басқармасы­ның басшысы Асқар Хабибулин, жұ­мыспен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар бас­қар­масы басшысының орынба­сары Татьяна Береская, Еңбек, әлеуметтік қор­ғау және көші-қон комитеті об­лыс­тық департаментінің басшысы Ма­рат Омаров, облыстық ардагер­лер кеңесі төрағасының орынбаса­ры Бейбіт …

КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР Read More »

ОРМАН – ЕЛДІҢ ДӘУЛЕТІ

Орман – табиғаттың ең қымбат қазыналарының бірі. Алайда уақыт өте келе ғаламшарымыздың биологиялық таза және қауіпсіз жасыл бөлігі қамқор, сенімді көмекшілер мен иелерін қажет ете бастады. Орман қорын күзетуді мемлекеттік орман шаруашылығы кәсіпорындары жүзеге асырады, олардың құрамына мемлекеттік орман күзетшілері, орманшылар, орман шеберлері, орман шаруашылығы инженерлері кіреді. Мамандардың қатарында нәзік жандар аз емес. Олардың жасампаз …

ОРМАН – ЕЛДІҢ ДӘУЛЕТІ Read More »

Дастарқан сәні – нан

“Нан болса, ән болады” дегенді жиі айтамыз. Бұл жалпы қоғам­ға тән түсінік. 2006 жылдан бері 16 қазан – Дүниежүзілік нан күні ретінде аталып жүр. Ал елімізде бұл мереке 2019 жылдан бастап тойлана бастады. Бұл күні көптеген елде нан өнімдерінің түрлі көрмелері, аспаз­дардың, наубайханашылардың және кондитерлердің кездесулері, жәрмеңкелер, шеберлік сыныптары, халықтық серуендер, сондай-ақ барлық мұқтаж адамдарға …

Дастарқан сәні – нан Read More »

Ірі мөлшердегі есірткі

Полиция қызметкерлері 38 жас­тағы петропавлдықтың синтетикалық есірткі сатуға қатысы бар болуы мүм­кін екенін анықтады. Тәртіп сақшы­ларының мәліметінше, ол үш айға жуық уақыт бойы есірткі жасырумен айналысқан. Қала тұрғыны сәуір айында Интернационал көшесіндегі үйдің ауласында ұсталған. Жеке тінту кезінде одан ішінде кристалл тәрізді зат бар 25 полимерлі орама және есірткіні қолдануға арналған құрыл­ғылар тәркіленді. Түйіншектегі зат­тың …

Ірі мөлшердегі есірткі Read More »

Өмірді сүй, жас өрен!

Қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – жасөспірімдер арасындағы суи­цид. Статистикаға көз жүгіртсек, өт­кен тоғыз айда өңірімізде екі бала өз-өзіне қол жұмсаған. Ал 10 жасөс­пірім өмірмен қоштасуға әрекет­тен­ген. Облыстық психикалық денсаулық орталығын­да жиын өтіп, түйінді мәселе жан-жақты талқыланды. – Біз өмірден түңілген жандарға алғашқы көмек көрсету орталықта­рымен, аудандық және қалалық емханалармен тығыз байланыста болуымыз керек. Сол себепті …

Өмірді сүй, жас өрен! Read More »

Алғыр оқушылар

Әлихан Бөкейханов атын­дағы №25 орта мек­тепте республикалық балалар оқулары байқауы­ның облыстық кезеңі өт­ті. Оған облыс орталығы мен аудандардан 32 оқушы қатысты. Білім мен өнер додасының қалалық және аудандық кезеңдерінде бар­лығы – 373 өрен бағын сы­наған екен. Сайыс барысында 8-сынып оқушылары “Кел, балалар оқы­лық!” тақырыбында Шерхан Мұр­тазаның “Қызыл жебе” тарихи туындысының бірінші кітабы мен Джек Лондонның …

Алғыр оқушылар Read More »

Игілігі мол

Облыста “Zhas Project” әлеу­меттік жобасы іске асырылмақ. Тың бастама 35 жасқа дейінгі жұ­мыссыз жүрген жандарға арнал­ған. Талап бойынша бұл санаттағы азаматтар әлеуметтік жобасы үшін мемлекеттен 1 млн. теңге көле­мінде сыйақы алады. Қаражат кә­сіп ашуға бағытталуы тиіс. – Өткен жылы “Zhas Project” жо­басы қанатқақты режімде кейбір облыстарда ғана жүзеге асырыл­ды. Биыл жобаны еліміздің барлық ай­мағы қолға …

Игілігі мол Read More »

СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ СЕРПІНДІ ҚАДАМЫ

Өңір басшысы жұмыс сапарымен Шал ақын және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарға барды. Ғауез Нұрмұхамбетов жергілікті кәсіпорындардың жұмысымен танысып, инфрақұры­лым­дық нысандардың құрылысын аралап көрді, кәсіпкерлермен және елді мекендердің тұр­ғындарымен кездесу өткізді. Шал ақын ауданындағы “ZHAGROUP LTD” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі дәнді, бұршақты және жемшөп дақылдарын өсірумен айналысады. Сондай-ақ мал шаруа­шылығына маманданған. Қазіргі уа­қытта фермада 121 ірі қара …

СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ СЕРПІНДІ ҚАДАМЫ Read More »

Тың жобалар

Петропавлда жаңа инвест­жобалар жүзеге асуда. Олардың құрылысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. “Qyzyljar” арнайы экономи­калық аймағында “Reimann” тір­кемелі ауыл шаруашылығы тех­никасы зауыты са­лынып жатыр. Қа­зіргі уақытта негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқтал­ды. Жобаға 1,5 млрд. теңге инвести­ция тартылды. Жыл соңына дейін кәсіпорын өндірісті баста­мақ. Жылына 150 тіркеме тех­ника шығару жоспарланып отыр. 75 жаңа тұрақ­ты жұмыс орны ашылады. …

Тың жобалар Read More »

МАҒЖАН МҰРАЛАРЫНЫҢ ҮШ ТОМДЫҒЫ

Алматы қаласында Түркі академиясы мен М.О.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер институтының бірлесіп ұйым­дастыруымен көрнекті ақын, педагог, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай “Мағжан Жұмабаев мұрасы: түркі дүниесінің рухани тұ­тастығы мен тарихи сабақтастығы” атты халықаралық ғы­лыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараға әдебиеттану, тілтану, өнертану, педагогика саласы бо­йынша Қазақстанның және шетел­дің ғалымдары, халықаралық ұйым өкілдері, қоғам …

МАҒЖАН МҰРАЛАРЫНЫҢ ҮШ ТОМДЫҒЫ Read More »