«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өмірді сүй, жас өрен!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қоғамдағы өзекті мәселенің бірі – жасөспірімдер арасындағы суи­цид. Статистикаға көз жүгіртсек, өт­кен тоғыз айда өңірімізде екі бала өз-өзіне қол жұмсаған. Ал 10 жасөс­пірім өмірмен қоштасуға әрекет­тен­ген. Облыстық психикалық денсаулық орталығын­да жиын өтіп, түйінді мәселе жан-жақты талқыланды.

– Біз өмірден түңілген жандарға алғашқы көмек көрсету орталықта­рымен, аудандық және қалалық емханалармен тығыз байланыста болуымыз керек. Сол себепті жалпы тәжірибе дәрігерлерінің, психолог­тар­дың, психиатр және невролог­тардың басын қостық. Бұл мәселе жылдан жылға ушығып барады, – дейді облыстық психикалық ден­саулық орталығының психологы Ирина Якимова.

– “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, қоғамды толғандырып отырған өзекті мәселемен кешенді түрде күресу қажет. Сонда ғана нәтиже болады. Бұл ретте әр маман өз жауапкершілігін сезінгені жөн. Яғни балалардың жас ерекше­лікте­ріне, отбасылық жағдайла­рына бай­ланысты тиянақты жұмыс жүргізгені абзал. Облыстық психи­калық ден­саулық орталығының психиатр-нар­кологы Равиль Га­рифзяновтың ай­туын­ша, балалар­дың бойында жа­қындарынан көмек сұрай алу дағды­сын қалыптастыру маңызды. Күйзеліс – суицидке әке­летін тағы бір фактор. Сондықтан өмірден түңілген жандар облыстық психикалық денсаулық орталығына хабарласа алады. Көмекке жүгінген адам жайлы дерек еш жерде жа­рияланбайды және ол есепке алын-байды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp