«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Желге ұшқан қаржы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс прокурорлары бюджет қаражатын мақсатты жұмсау ісіне қа­тысты талдау жүргізіп, мемле­кеттік сатып алу туралы заңнама талап­тарының бұзылғанын анық­тады.

Ақжар аудандық экономика жә­не қаржы бөлімінің лауазымды адам­дары “Автомобиль жолдары ту­ралы” Заңның 14-бабының та­лап­та­рын бұза отырып, ведомство­лық са­раптамасыз, 3 ауылдағы жолдар­ды жөндеу бойынша мем­лекеттік са­тып алу жүргізген. Про­курорлық қа­дағалау нәти­же­сінде тиісті шаралар қабылданып, атал­ған сатып алу­лардың күші жойыл­ды. Осылайша 363 млн. теңге бюджет қаражаты­ның жұм­салуына жол берілмеді.

Аталған аудандағы ауылдық округ әкімі де бюджет қаржысын игеруде салғырттық танытқан. Ол “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңның талаптарына қарамастан, Талшық ауылындағы кентішілік жолдарды жөндеуге арналған шарт бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 7 млн.теңге көле­мінде төлем жүргізген.

Қадағалау актісі және Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдары бойынша ауылдық округ әкімі мем­лекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін қызметіне толық сәйкес емес­тігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бүгінде бюджет қара­жатын өтеу бойынша жұмыс жүргі­зілуде.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp