«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Игілігі мол

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста “Zhas Project” әлеу­меттік жобасы іске асырылмақ. Тың бастама 35 жасқа дейінгі жұ­мыссыз жүрген жандарға арнал­ған. Талап бойынша бұл санаттағы азаматтар әлеуметтік жобасы үшін мемлекеттен 1 млн. теңге көле­мінде сыйақы алады. Қаражат кә­сіп ашуға бағытталуы тиіс.

– Өткен жылы “Zhas Project” жо­басы қанатқақты режімде кейбір облыстарда ғана жүзеге асырыл­ды. Биыл жобаны еліміздің барлық ай­мағы қолға алды. Осы ретте 280 грант бөлінді. 1 грант – 1 млн. теңге. Өтінімдерді қабылдау 9 қазаннан басталды. Барлық талап­тар мен ұсыныстар жобаның рес­ми сайтында жарияланды. Өтінім беру үшін тиісті құ­жаттарды тапсыру қажет. 22 қазан күні өтінімдерді қабылдау науқаны аяқталады, – дейді “Қазақстанның даму қауымдастығы” ЗТБ-ның атқа­рушы директоры Анар Бітебаева.

Биыл өңірімізге 8 грант бөлін­ген. Сондықтан талап жоғары бол­мақ. Өтінімдер қаралғаннан кейін арнайы комиссияның отырысы өте­ді. Онда үздік жобалар таңдалып алынады. Әсіресе жергілікті жер­лердегі әлеуметтік мәселені ше­шу­ге арналғандарға басымдық бе­рілмек. Грант қаржысы азамат­тарға 2 ай ішінде беріледі. Соны­мен қатар грант иегерлері арнайы оқытудан өтеді.

Алдияр АЙТПАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp