«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮН ТӘРТІБІНДЕ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қоғамдық кеңестің ке­зекті отырысы өтті. Бұл жолғы жиын­ның күн тәртібіне 3 мәселе шыға­рыл­ды. Облыстық қаржы басқармасы­ның басшысы Наталья Дышкант, облыстық ішкі саясат басқармасы­ның басшысы Асқар Хабибулин, жұ­мыспен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар бас­қар­масы басшысының орынба­сары Татьяна Береская, Еңбек, әлеуметтік қор­ғау және көші-қон комитеті об­лыс­тық департаментінің басшысы Ма­рат Омаров, облыстық ардагер­лер кеңесі төрағасының орынбаса­ры Бейбіт Әбілев баяндама жасады.

– Биыл облыстық денсаулық сақ­тау басқармасына бағытталған қар­жы 24,7 млн. теңгеге қысқарды. Бұ­ған мемлекеттік сатып алу қорытын­дысы бойынша қол жеткізілді. Соны­мен қатар жұмыспен қамтуды үй­лестіру және әлеуметтік бағдарла­ма­лар басқармасына “Жұлын жа­ры­ғы” диагнозы қойылған балалар­ды бір реттік катетермен қамтамасыз ету­ге бөлінген 6,7 млн. теңге кері қай­тарылды. Оның ең басты себебі ем алу­шы балалар санының аз болуы. Есесіне бұл бағыттағы қаражатқа мұқ­таждар санының Петропавлда өс­кені байқалады, – деді Наталья Дышкант.

Отырыста қаралған өзекті мәсе­ленің бірі – мүмкіндігі шектеулі жандардың мемлекеттік нысандарға емін-еркін кіріп шығуы. Татьяна Бе­рес­каяның айтуынша, осы мақсатта арнайы құрылған бақылау тобы 243 мекемеге барған. Нәтижесінде кем­ші­ліктерді түзеу бойынша 217 ұсы­ныс жасалды. “Жиі кездесетін заң­ бұ­зу­шылықтар – пандустың жоқтығы, так­тильді бағыттағыштардың азды­ғы, дәретхана мен автотұрақтардың та­лап­қа сай келмеуі”, – деді баян­дамашы.

Қазіргі таңда облыста 25 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Биыл бейінді басқарма 155 мекемені тексеруі тиіс. 1 қазандағы жағдай бо­йынша 83 нысанда оң өзгеріс орын алыпты. Кеңес мүшелері бұл бағыт­тағы жұмысқа қарқын қосуды ұсынды.

Облыстық ішкі саясат басқар­ма­сының басшысы Асқар Хабибулин ақ­параттық жұмыс аясында еліміздегі жә­не өңірдегі маңызды қоғамдық-сая­си оқиғалар мен өзгерістерді жа­рыққа шығаруға баса назар аудары­лып отырғанын жеткізді. Бүгінде об­лыста 58 БАҚ тіркелген, оның 42-сі бас­па басылымы (15-і мемлекет­тік тілде, 22-і орыс тілінде, 5-і екі тіл­де шы­ғады). 5 электронды БАҚ, 11 ин­тер­нет-басылым және ақпараттық агенттік.

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Жарасбай Сүлейменов ха­лықтың мұң-мұқтажын білу үшін га­зет-журналдардың бірде-бір нөмі­рін қалдырмай оқу керектігін атап өтті.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp