«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҒЖАН МҰРАЛАРЫНЫҢ ҮШ ТОМДЫҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алматы қаласында Түркі академиясы мен М.О.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер институтының бірлесіп ұйым­дастыруымен көрнекті ақын, педагог, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай “Мағжан Жұмабаев мұрасы: түркі дүниесінің рухани тұ­тастығы мен тарихи сабақтастығы” атты халықаралық ғы­лыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға әдебиеттану, тілтану, өнертану, педагогика саласы бо­йынша Қазақстанның және шетел­дің ғалымдары, халықаралық ұйым өкілдері, қоғам қайраткерлері және институттың ғылыми қызметкерлері қатысты. Жиынды М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер ин­ститутының Бас директоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы Кенжехан Матыжанов жүргізді.

Конференцияда Түркі акаде­мия­сының вице-президенті Асхат Кесікбаев сөз сөйлеп, академия бас­шысы Шаһин Мұстафаевтың құттықтауын жеткізді. Сонымен қа­тар жиында Қазақстан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұр­бектің, Алматы қаласы әкімі Ербо­лат Досаевтың және Қазақстан Жа­зушылар одағының төрағасы Ме­реке Құлкеновтың құттықтау хат­тары оқылды. Конференция Мағ­жан­ның ақындық әлемі, Мағжан Жұмабаев және ХХ-ХХІ ғасырдағы әдеби-мәдени байланыстар, мағ­жантану және түркология саласы, көркем әдебиеттегі Мағжанның ақындық дәстүрі, Мағжан Жұмабаевтың ағартушылық қызметі, Мағ­жан Жұмабаевтың қайраткерлік тұл­ғасы және Алаш қозғалысы, мағжантанудың қазіргі заманғы өзекті мәселелері және архив, музей және сирек қолжазба деректеріндегі Мағжан мұрасы сынды зерттеу ба­ғыт­тары бойынша өрбіді.

Басқосуда Мырза Ұлықбек атын­дағы Өзбекстан Ұлттық универси­тетінің профессоры, филология ғы­лымдарының докторы Насимхон Рахманов, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қой­гелді, Әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университетінің про­фессоры Дандай Ысқақұлы, Еура­зия ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бейлур, Түркі Ака­демиясының ғылыми қызметкері, фольклортанушы Ақеділ Тойшан­ұлы, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыр­жан Жақып, Қырғыз Республикасы­ның Ұлттық Ғылым Академиясы Ч.Айт­матов атындағы Тіл және әде­биет институтының Қырғыз әдебиеті бөлімінің жетекшісі, филология ғылымдарының докторы Келдібек Қойлубаев, М.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер институты “Қолжаз­ба және текстология” ғылыми-ин­новациялық орталығының директо­ры  Жұмашай Рақыш зерттеу тақы­рып­тары бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар жиында Мағжан Жұмабевтың шығармаларының үш том­дық академиялық толық жинағы­ның тұсаукесері өтті. Түркі Акаде­миясының қолдауымен баспаға әзірленген жинақтың бірінші томына ақынның өлеңдері топтастырылса, екінші томға поэмалары мен әңгіме­сі, аудармалары енгізілген. М.Жұ­ма­­баев әзірлеген оқу құралдары мен мақалалары үшінші томға топ­тас­тырылған. Барлық шығарма­ла­ры­на ғылыми түсініктемелер бе­ріл­ген.

Конференция аясында Ғылым Ордасы РМК Орталық ғылыми кітапханасы Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.

Ғылыми отырыстан кейін қонақ­тар М.Әуезов мұражай-үйінде кино­режиссер, документалист Халил Омаров түсірген “Мағжан Жұма­баев” деректі фильмін тамаша­лады.

Жаңалықтарды Алматыда Алаштың ардақтысы, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай “Мағжан Жұмабаев мұрасы: түркі дү­ниесінің рухани тұтастығы мен са­бақтастығы” тақырыбында ха­лықаралық ғылыми-тәжірибелік кон­ференция өтіп, оның аясында қа­лам­гер кітаптарының тұсауы кесіл­ді. Мағжан Жұмабаев шығармалары­ның академиялық 3 томдық жина­ғын М.Әуезов атындағы әдебиет жә­не өнер институтының ғалымдары дайындаған. Академиялық басы­лым сериясымен жарыққа шыққан үш томға Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері, поэмалары мен аударма­лары, оқу құралдары, ғылыми мақа­лалары енген.

Ақын шығармаларының акаде­мия­лық жинағын жарыққа шығару мәселесін еліміздің белгілі  ғалым­да­ры осыдан бірнеше жыл бұрын көтерген.  Жаңа үш томдыққа енген әдеби мұраларынан бөлек  асыл тұлғаның мақалалары, зерттеулері, аудармалары да бір төбе. Зерт­теушілер бұл жазбалардың бәрі 7 томға жүк болатынын айтады.

Конференция барысында М.Әуе­зов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры  Уенжехан Матыжанов, Халықаралық түркі академиясының вице-пре­зиденті Асхат Кесікбаев, Мырза Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлт­тық университетінің профессоры  Насимхон Рахмонов, белгілі ғалым Дандай Ысқақұлы сөз алып, ақын шы­ғармашылығын зерттеудің ма­ңыз­дылығына, осы бағыттағы өзек­ті мәселелерге тоқталды. Жиын ба­рысында ақын өмірінен сыр шер­тетін деректі фильм көрсетілді.

Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp