Петропавлда жаңа инвестжобалар жүзеге асуда. Олардың құрылысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты.
“Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағында “Reimann” тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасы зауыты салынып жатыр. Қазіргі уақытта негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Жобаға 1,5 млрд. теңге инвестиция тартылды. Жыл соңына дейін кәсіпорын өндірісті бастамақ. Жылына 150 тіркеме техника шығару жоспарланып отыр. 75 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Экономикалық аймақтың тағы бір қатысушысы – “KazKran” серіктестігі. Бұл – көтергіш-көлік жабдықтары мен аспалы крандарды шығаратын зауыт. Инвестор учаскені игеру жұмыстарын бастап, цехтың іргетасын құйды. Құны 2 миллиард теңгені құрайтын жобаны іске қосу 2025 жылға жоспарланған. Жаңа кәсіпорында 150 адамға дейін жұмыс істейтін болады.
Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.