«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ірі мөлшердегі есірткі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полиция қызметкерлері 38 жас­тағы петропавлдықтың синтетикалық есірткі сатуға қатысы бар болуы мүм­кін екенін анықтады. Тәртіп сақшы­ларының мәліметінше, ол үш айға жуық уақыт бойы есірткі жасырумен айналысқан. Қала тұрғыны сәуір айында Интернационал көшесіндегі үйдің ауласында ұсталған. Жеке тінту кезінде одан ішінде кристалл тәрізді зат бар 25 полимерлі орама және есірткіні қолдануға арналған құрыл­ғылар тәркіленді. Түйіншектегі зат­тың “α-PvP” және мефедрон синте­тикалық психоактивті есірткісі екені белгілі болды. Жалпы салмағы – 20,89 грамм, бұл аса ірі мөлшерге жатады.

Осындай мөлшердегі есірткі бір жүзден астам адамды нашақорлыққа тартуға жеткілікті. Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірың-ғай тізілімінде тіркелді.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp