Полиция қызметкерлері 38 жастағы петропавлдықтың синтетикалық есірткі сатуға қатысы бар болуы мүмкін екенін анықтады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол үш айға жуық уақыт бойы есірткі жасырумен айналысқан. Қала тұрғыны сәуір айында Интернационал көшесіндегі үйдің ауласында ұсталған. Жеке тінту кезінде одан ішінде кристалл тәрізді зат бар 25 полимерлі орама және есірткіні қолдануға арналған құрылғылар тәркіленді. Түйіншектегі заттың “α-PvP” және мефедрон синтетикалық психоактивті есірткісі екені белгілі болды. Жалпы салмағы – 20,89 грамм, бұл аса ірі мөлшерге жатады.
Осындай мөлшердегі есірткі бір жүзден астам адамды нашақорлыққа тартуға жеткілікті. Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірың-ғай тізілімінде тіркелді.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.