Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Түркияның “YDA Group” компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Арслан Хусейнді қабылдап, екіжақты кездесуде денсаулық сақтау саласындағы серіктестік жайында сөйлесті. Петропавл қаласында салынып жатқан жаңа аурухананың құрылысы мәселесі талқыланды.
“Бүгінде орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, көпсалалы медициналық нысанның құрылысын жеделдету бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Біздің өңір үшін бұл – маңызды жоба. Жаңа аурухана заманауи қондырғылармен жабдықталып, ақ халатты абзал жандар мен науқастарға барынша қолайлы жағдай жасалатын болады. Осылайша солтүстікқазақстандықтар жоғары сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді деген сенім мол”, – деді кездесуде Ғауез Торсанұлы.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.