«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кәсіпкер әйелдерді қолдау қоры

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанда ауыл әйелдері­нің бизнес бастамаларын қол­даудың Кәмшат Дөненбаева атындағы қоры құрылады. Бұл туралы “Ұлы дала” ауыл биз­несін дамыту қауымдас­тығы­ның басшысы Ақмарал Бекмұр­­заева мәлімдеді.

Ол статистика бойынша “Қарыз­сыз қоғам” бағдарламасына (халық­тың қаржылық сауаттылығы жөніндегі жоба) қатысушылардың 68 пайызы əйелдер екенін айтты. Нәзік жандар мəселелерін шешу ғана емес, сондай-ақ өз табыстарын арт­тыру үшін де сарапшыларға жүгі­неді.

Сондықтан кəсіпкер əйелдерге ауыл шаруашылығы кооперативте­рін құрып, өз жобаларымен бел­сенді айналысуға мүмкіндік беру үшін қор құру ұсынылды. “Қолынан іс келетін ауылдағы əйелдер қаржыландыру­дың жеткіліксіздігі, кəсіпкер­лік дағды­лар мен білімнің болмауы сияқты мə­селелерге тап бо­лады. Көбінесе не­сие алу үшін олардың кепілге қоятын мүлкі болмайды, өйткені дүние-мүлік негізінен ата-енесінің немесе күйеуі­нің атына жазыла­ды. Кепілге қояр мүл­кі болса да, отбасы əйелдің бас­тамаларын құп­тамайды, оның бизне­сін қолда­май­ды. Несиелік тарихы на­шар əйелдер де бар. Олар не істерін білмейді. Сон­дықтан қор ауылдағы кə­сіпкер əйелдерге көмек көрсету, гранттық, кредиттік қаржы­ландыру, сүйемелдеу, бизнес-жоспар жазу бойынша жауапкершілікті өз мойны­на алады. Біз ауыл əйелде­ріне қол­дау көрсетіп, оларға шабыт беріп, ауылдық аумақтарды дамыту­дағы рө­лін нығайтамыз. Елімізде гендерлік саясатты дамыту жəне қол­дау бо­йынша көптеген бас­тамалар іске асырылуда, аталған қор барлық бел­сенді əйелдерді біріктіруге мүм­кіндік береді”, – деп атап өтті қауымдастық басшысы.

Қор ауылдағы əйелдерге арнал­ған ағартушылық қызметпен айна­лысуға, оларды қаржылық сауаттылық пен бизнес-үдерістерге үйретеді. Сондай-ақ қор ауыл əйелдері­нің жетістіктерін көтермелеу жəне тану жөніндегі жыл сайынғы “Ауылдың 100 табысты əйелі” жобасын жүзеге асырады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp