«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕРІСКЕЙГЕ БЕТ АЛҒАН КӨШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бағдарламаның артықшылықтары мен кемшіліктері

Биыл облысымызға 2300-ге жуық адам қоныс аударды, оның 138-і – қандас. Өңірге қоныс аудар­ғандардың 31 пайызы Түркістан облысынан келген. Оларға материал­дық көмек көрсетуге және тұр­ғын үймен қамтамасыз етуге рес­публикалық бюджеттен 2,1 млрд. теңге қаражат бөлінді. Еңбек ре­сурстарының ұтқырлығын арттыру, яғни жұмыс күші артық өңірлерден кадр тапшы өңірлерге тұрғындарды көшіруді мақсат еткен мемлекеттік бағдарламаның жергілікті жерде орындалуын көру үшін өңірге Парламент Сенатының депутатта­ры іссапар­мен келіп, қоныс аударушылармен кездесті, бірқатар әлеуметтік нысанды аралады. 

Облысқа қоныс аударғандардың бірі – Ғалимзан Минхаеров. Ол 2021 жылы Маңғыстау облысынан көшіп келген. Мал шаруа­шылы­ғымен айналысу мақсатында мем­лекеттен грант алып, кәсіп бас­таған. Зайыбы Халида да қарап отырмай, мемлекеттің қолдауын көріп, өз ісін ашты, бүгінде ол төсек-орын тігумен айналысады.

“Менің қасиетті Қызылжар өңірі­не көшіп келгеніме үш жыл болды, екі балам бар. Біз бұл өлкенің таң­ғажайып табиғатына қызықтық. Қо­ныс аударғандарға мемлекеттен қол­дау көрсетілетіні бізді одан сайын қа­наттандырды. Зайыбым бір мил­лион теңгеге жуық грант алды.  Тік­кен көрпелерін дүкендерге өткізеді”, – дейді Ғалимзан Минхаеров.

Жалпы биыл облысқа қоныс аударған қандастардың көбі Ресей мен Моңғолиядан келген. Ал ішкі көші-қонда Астана қаласы мен Түр­кістан облысының үлесі басым.

“Оңтүстікте халық тығыз қоныс­тан­ған аймақтар бар. Сол өңірлер­ден теріскейге қоныс аударуға ниетті азаматтар аз емес. Оларға керегі – жұ­мыс орны, еңбекақы, баспана. Бұл мәселені шешу үшін қандай мемле­кеттік бағдарлама қажет, арнайы жоба керек бола ма? Осылардың барлығын зерделеп, “Үкімет сағатын­да” талқыламақпыз”, – дейді Пар­ламент Сенатының депутаты Нұр­төре Жүсіп.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта өңірде бес мың­нан астам бос жұмыс орны бар. Жал­пы облыста ауыл шаруашылығы мен білім беру саласында мамандар тапшы. Бұл олқылықтың орнын тол­тыру үшін жыл сайын өңірге қоныс аударушыларға екі мыңнан астам квота бөлінеді. Бұл жұмыс келер жылы да жалғасып таппақ. Десек те қоныс аударғандардың қатарынан жұ­мыстың жоқтығынан кейін қайтқандар да табылуда.

“Біз Қызылжарға қоныс аударған­дардың жағдайын өз көзімізбен көрдік. Ішкі миграция, көші-қон мәселелерін, мемлекеттік бағдарла­маларды қалай жетілдіру керектігі депутаттар үшін маңызды. Бола­шақта бағдарламаны жетілді­ру көзделуде”, – дейді Парламент Се­натының депутаты Руслан Рүстемов.

Сенаторлар Мамлютка қала­сындағы №2 орта мектепке де бар­ды. Бұл білім ордасы 2015 жылы қол­данысқа берілген. Қазіргі уақытта 242 оқушы білім алуда. Мектеп жа­нында 37 балаға арналған шағын ор­талық жұмыс істейді.

Бұл күні Парламент Сенаты және облыстық мәслихат депутатта­рының қатысуымен “Демографиялық өсу – ұлттың бәсекеге қабілетті артықшылығының негізі” атты кеңес өтті. Қоныс аударушылар мен қан­дастар бағдарламасын іске асыру кезеңінде өңірге жұмыс күші артық өңірлерден барлығы 15 мыңнан ас­там адамның немесе 4435 отбасы­ның келгені айтылды.  490 отбасына 270 млн. теңгеге қайтарымсыз грант және несиелер берілген. Ең­бекке қабілетті азаматтардың 30 пайызы­ның жоғары білімі бар, 38 пайызы арнаулы орта білім алса, 32 пайызы мектеп бітірген. 4285 адам тұрақты жұмыс орындарына орналас­тырыл­­ды, 888 адам жеке кәсіп ашқан.

Биылдан бастап өңірімізге көшіп келген азаматтарға 4 млн. теңге мөл­шерінде “экономикалық ұтқырлық” сертификаттары беріледі. Бұл кө­мекті әзірге 130 адам алыпты.

Жансая ҚАЙЫПОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp