Солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценко “Түркия туры” көпкүндік веложарысының жеңімпазы атанды.
Бірнеше күнге созылған веложарыстың соңғы күнінде “Alpecin-Deceuninck”-тің намысын қорғаған бельгиялық Йеспер Филипсен мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші орын “Астананың” өкілі нидерландтық Кейс Болға бұйырса, үздік үштікті италиялық Джованни Лонарди түйіндеді.
“Астана” капитаны Алексей Луценко жарыстың аталған сатысында сегізінші келді және велокөпкүндіктің бас квалификациясын бірінші орынмен аяқтады. Қазақстандық команда сапынан Микеле Гадзоли – 13, Харольд Техада – 28, Глеб Сырица – 121, Марк Кавендиш – 126-орынға жайғасты.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.