«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрғындардың айтары бар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“AMANAT” партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесі Мағжан Жұмабаев ауданында аза­маттарды қабылдады. Аудан орталығы мен көрші ауылдардың 20 тұрғыны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, әлеуметтік қорғау, байланыс, газбен қамтамасыз ету саласына қатысты мәселелерді көтеріп, заңгерлік кеңес алды.

Аудан орталығының тұрғыны На­талья Кучерявая Булаево қаласын­да “Дипломмен – ауылға!” бағдарла­масы жүзеге асырылса деп сұрады. Қазіргі уақытта мұнда 4 мектеп, ау­дандық аурухана және бір ауысым­да 250 адам қабылдайтын емхана жұмыс істейді. Алайда қа­лада білім беру мен денсаулық сақтау сала­сында кадр тапшы. Қазіргі кезде 4 дә­рігер, 3 медбике, 2 фельдшер, 3 пе­дагог қажет.

“Жас мамандар мұнда жібе­рілмейді, өйткені аудан орталығы қала мәртебесіне ие. Оларды тарту үшін Булаево қаласына ауыл мәрте­бесін берген жөн”, – деді Наталья Ку­черявая.

Осы ретте қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілдері бұл мәселені жергілікті тұрғындар шешуге тиіс екенін айтты. Дегенмен “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасының шарт­тарын қайта қарау туралы өтініш міндетті түрде қаралатын болды. Ол үшін Ұлттық экономика министрлі­гіне тиісті сұрау жолдау қажет.

Ауыл тұрғындарын жол құрылы­сы қатты толғандырады. Мысалы, ауданның 11 тұрғыны Булаево қаласында, Возвышенка, Бастомар, Қарақоға, Пролетарка, Чистовское, Қарағанды ауылдарында кентішілік және аудандық жолдарды жөндеу мәселесін шешу туралы өтініш білдірді. Құзырлы орган мамандары­ның айтуынша, барлық айтылған учаскелер бойынша техникалық құжаттама бар. Тиісті қаражат бө­лінсе, биыл және келесі жылы жөн­деу жұмыста­ры жүргізілмек.

Бұл күні партия өкілдерінен бө­лек облыстық білім, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бас­қармасының, еңбек және әлеу­меттік қорғау комитеті департамен­тінің бас­шылығы азаматтарды қа­былдады. Өткен жылдың басынан бері мобильді қоғамдық қабылдау 59 елді мекенге барып, тұрғындардан түс­кен 492 өтініш бойынша жұмыс істеді.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp