«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алтайдың ақиығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы об­лыс­тық балалар мен жасөспірім­дер кітапханасының мамандары есімдері елімізге белгілі қалам­герлердің шығармашылық мұра­сын насихаттауға арналған шара­ларды оқу орындарында өткізуді жалғас­ты­руда. Бұл жолғы кеш “Ал­тайдың ақиығы” атанған Оралхан Бөкей шығармашылығына ар­налды. М.Қо­зыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университетінде өткен кездесуде студенттерге жа­зушы­ның өмірі мен шығарма­шылығы жайлы айтылып, жастар сүйікті жа­зушылары туралы тол­ғаныстарын білдірді. Жинал­ған­дарға көшпелі кітап көрмесі та­ныстырылды.

Биыл Оралхан Бөкейдің дү­ние­ге келгеніне 80 жыл толып отыр. Қаламгер Алтай өңіріндегі Шыңғыстай ауылында туған. Алға­шында аудандық газетке мақала­лар жазып жүрген жасты белгілі қаламгер Шерхан Мұртаза байқап, шығармашылық жолының жаңа арнаға түсуіне себепші болады.

“Менің повестерімдегі, әңгіме­ле­рімдегі барлық сюжеттер туған жер туралы естеліктер, жастық шақтағы болған оқиғалармен бай­ланысты. Менің жерлестерім – мінездері бір қалыпты, адал және жүректері ашық адам­дар. Әйтеуір, не жазсам да өз за­ма­нымды, сол заманда табан ет, маң­дай терін жұмсап жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге ты­рыстым”, – деген Оралхан Бөкей бала күнінен жазушы бо­луды армандап, Қатонқарағайдың кө­рікті мекен, тұмса табиғатқа кенде емес екенін сөзбен суреттеді.

Қаламгердің әр жылдары “Үр­ке­р”, “Қайдасың қасқа құлыным”, “Мұзтау”, “Ән салады шағылдар”, “Сайтан көпір”, “Крик” деп атала­тын кітаптары жарық көрді.

– Біз университет қабырғасын­да Оралхан Бөкейдің бірқатар шығармаларын оқыдық. Оның туындылары өзінің ерекше тілімен, жазу стилімен, қилы оқиғалары­мен жастар қауымына жақсы таныс. Маған суреткер жазушының “Атау кере” повесі ұнайды. Бұл туындыда Алтайдың түрлі мінезді тұрғындарының тағдыры баянда­лады, – дейді университет студенті Аяулым Орақбай.

Шара барысында өзге жастар да пікірлерін білдіріп, әсерлі әңгіме өрбітті. Кездесу соңында универ­ситет оқытушысы Жазира Көкбас қаламгер шығармаларының көркемдігі мен өзектілігі жайлы айтты.

Дана АРМАНОВА,

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp