«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙТЫСКЕРЛЕР СЫНЫБЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Абай атындағы маманданды­рылған қазақ мектеп-гимназия­сында айтыскерлер сыныбы ашылды. Бұл игі іс республикалық “Төрт тоқсан-төрт өнер” жобасы аясында облыстық білім басқармасының қол­дауымен жүзеге асырылды. Айтулы шараға М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың профессоры, филология ғы­лым­дарының кандидаты Жанар Та­ласбаева, “Мәдениет саласының үз­дігі” төсбелгісінің иегері Қайырлы Ға­фуров, халықаралық “Қазақ тілі” қоға­мы облыстық филиалының жетек­шісі Жанат Мұхамеджан қатысты.

Жас айтыскерлерге арналған ка­бинеттің лентасын облысымыздың құрметті азаматы, күйші Серікбай Құ­сайынов қиды. Осыдан 5 жыл бұрын өңірде Е.Асқаров атындағы жас ақындар мектебі өз жұмысын бастаған еді. Бүгінде аталған мектептің керегесі кеңейіп, бірқатар білім ор­даларында шығармашылық үйірме­лер ашылған. Енді осындай мүм­кін­дік Абай атындағы білім ордасында да қол­жетімді болып отыр. Сыныпқа Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілері одағы облыс­тық филиалының жетекшісі Жарқын Жұпархан жетекшілік етеді.

Шара аталған мектептегі “Өнер” орталығының жас күйшілерінің өне­рімен бастау алып, айтыскер ақын Қабдолла Бейісхан жырдан шашу шашты. Кейін Серікбай Құсайынов жас дарындарға ақ жол тіледі. Шара мектеп кітапханасындағы “дөңгелек үстел” басында жалғасын тапты. Онда келген мейман­дар ақындар үйірмесінің жұмысына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін біл­дірді. Мектеп оқушылары ән айтып, өлең оқып, жиналғандарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Аманжол ЗАҒЫПАР,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp