«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Батыр рухына тағзым

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл Қызылжар өңірінің асыл перзенті Әбу Досмұхамбетовке Ке­ңес Одағының Батыры атағы беріл­геніне 80 жыл толды. Осыған орай облыс орталығында ғылыми-прак­тикалық семинар өтті.

Іс-шара “AMANAT” партиясы­ның өңірлік филиалының қолдауы­мен, “Світанок” Солтүстік Қазақстан облысындағы украин мәдениеті ор­талығы” қоғамдық бірлестігінің бас­тамасымен ұйымдастырылды.

“Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік жасаған Әбу Досмұхамбе­тов­тің есімін құрметпен еске аламыз. Оған Украина жерінде көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін Кеңес Ода­ғының Батыры атағы берілді. Әбу Досмұхамбетовтің есімі туған өлке­сінің тыныштығы үшін өмірін қиған батыр ретінде қазақ халқының есін­де мәңгі қалады”, – деп атап өтті М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың PhD докторы Әсемгүл Темірханова.

Шара барысында қазақ жауын­герінің кеңес халқының жеңісіне қос­қан үлесі жайлы әңгіме өрбіді. “Қор­ған облысының қазақ мәдени ав­то­номиясы” ҚБ төрағасы Қайрат Ора­лов, Қорған облысы Петухов ауда­ны­ның мәдениет бөлімінің бастығы Татьяна Горохова, Ұлттық ұлан ака­демиясының тәрбие және әлеу­мет­тік-құқықтық жұмыс циклінің бас­тығы, полковник Болат Смағұлов және университет студенті Салта­нат Қоспанова батыр жайлы оқы­ған­дарын, білгендерін айтып, та­нымдық шараның мазмұнын ашты.

Семинарға қатысушылар ба­тыр­дың гимназия-интернат ал­дындағы мүсініне гүл шоқтарын қо­йып, білім ордасындағы мұра­жайды тамашалады.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp