«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бозбаланың қазасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда футбол ойнап жат­тығып жүрген бозбала қаза тапты. Кенеттен жүрегі тоқтаған 18 жастағы жігітті дәрігерлер құтқара алмады.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған Рауан Мұхтаров 16 қазан күні сағат 18:00-ден бастап “Қара­сай” ста­дионының қосымша фут­бол ала­ңын­да жаттығып жүріп, құ­лап түскен. Оқиға орнына келген “Жедел жәр­дем” қызметі жүрегі тоқтап қалған жігітке реанимация­лық көмек көр­сет­кен. Алайда бала облыстық көп бейінді балалар ауруханасында тіл­ге келместен қай­тыс болды.

Бозбала 2005 жылы туған, Сол­түстік Қазақстан кәсіби-педагогикалық колледжінде “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша 2 курста оқыпты. 11 жасынан бокспен айналысқан, жасөспірімдер ара­сында бокстан облыс чемпионы, кадеттер бойынша халықаралық турнирдің жеңімпазы. Биыл шілде айынан бастап футболға ауысып, “Қызылжар” футбол орталығында жаттыға бастаған.

Облыстық полиция департа­мен­ті баспасөз қызметінің мәлі­метінше, Петропавл қаласы поли­ция басқармасының “102” пультіне медици­налық мекеменің қабыл­дау бөлмесін­де 18 жастағы қала тұр­ғынының қай­тыс болғаны туралы  хабарлама сағат 20:04-те келіп түскен. Бұл де­рек Қазақстан Рес­публикасы қыл­мыстық кодексінің 001-бабы “Адам­ның қайтыс болуы” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірың­ғай тізілімінде тіркелді. Сот-медициналық са­раптама тағайындалды. Оның нә­тижелері бойынша түпкілікті про­цестік шешім қабылданатын бо­лады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp