«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхам­бетовтің төрағалық етуі­мен сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мә­селелері жөнін­дегі ведомствоара­лық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиында “Тазарту, су бұру және су өткізу құрылыстары” комму­налдық мемлекеттік меке­ме­сі қыз­метіндегі жемқорлық тәуе­келдерін сыртқы талдау нәтиже­лері талқы­ланды.

Облыстық сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы қызмет басшысының бі­рінші орынбасары Айдос Жүні­совтің мәліметі бойынша кәсіп­орын қызметінде 10 жемқорлық тәуекелі анықталып, орын алған заң бұзушы­лықтарды жою үшін 18 ұсы­ным әзірленген.

“Орынсыз жоспарлаудың сал­дарынан облыс орталығының кө­шелерін, жертөлелерді және ша­ғын­аудан­дарды судың басуы жиі кездеседі. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік объек­тілерді салу жо­баларын әзірлеу кезінде құрылыс салушылар су ағындарын есепке ала бермейді. Сондай-ақ қолда­ныстағы кәріз же­лілеріне техника­лық құжаттамалардың жоқтығы салдарынан инженерлік есептеу­лер жүргізуге мүмкіндік аз”, – деді Айдос Жүнісов.

Ведомствоаралық комис­сия­ның отырысында сыбайлас жем­қорлыққа қарсы қызмет сәулет-жоспарлау тапсырмасын келісу рә­сімін толықтыру­ды, атап айтқанда, нысанның су, электр, жылу желіле­ріне, газ және сумен жабдықтауға тең дәрежеде қосылуын ескеруді ұсынды.

Мониторингтік талдау кезінде жол жөндеу барысында ағыс бұрмаларына инженерлік есеп­теулердің жүргізілмейтіндігі анықталған. Нәтижесінде асфальт тесіліп,   ақаулар пайда болған.

Қалалық әкімдікке аталған кемшіліктерді шешу және тұрғын­дардың өмір сүру сапасын арттыру ұсынымдары беріліп, шешімнің орындалуын бақылауға алу тапсырылды.

 Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp