Республика күні қарсаңында облыстық полиция департаментінің мұражайында “Ерлік сабағы” өтті. Бірқатар жас қызметкерлер алғашқы қызметтік куәліктері мен погондарын алды. Бұл күні патрульдік, учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полицейлер, анықтаушылар, тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер облыс полициясының қатарын толықтырды.
“Қызметкерлердің әрқайсысы үшін естен кетпес күн. Жас қызметкерлердің ардагерлерді бағалауы және құрметтеуі, туған өлке мен ведомствоның тарихын білуі өте маңызды. “Ерлік сабағының” Республика күні қарсаңында өтуі жас қызметкерлеріміздің жауапкершілігін арттыра түсері сөзсіз”, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сәуле Андағұлова.
Ерлан МАХМЕТОВ,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.