«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қазан 20, 2023

Татулық – тұрақтылық кепілі

Этносаралық салада медиативтік тәсілді қолдану бойынша өткізілетін іс-шаралардың берер пайдасы мол екенін осы жолғы семинар-тренинг тағы бір байқатты. Әсіресе, медиация (эт­номедиация), этносаралық саладағы жанжалдарды реттеудің, еңсерудің жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдері туралы толық­қанды мағлұматтардың берілуі – соның бір дәлелі. Семинар-тренингке қоғамдық медиаторлар, этномәдени бірлес­тіктер мен құрылымдық бөлімше­лердің, білім беру мекемелерінің, құ­қық қорғау, жергілікті билік орган­дарының, ішкі …

Татулық – тұрақтылық кепілі Read More »

ҚАУЫМДАСТЫҚ МҮШЕСІ

Еліміз Дүниежүзілік мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері қауым­дастығының (“WAPES”) 81-ші мүше­сі болып қабылданды.  “WAPES” – жұмыспен қамту қызметіне не­месе еңбек нарығындағы саясатты дамы­туға жауапты мемлекеттік жəне үкі­мет­тік органдардың халық­аралық коммерциялық емес қауымдас­тығы. Оны 1988 жылы Канада, Фран­ция, Германия, Нидерланды, Шве­ция, АҚШ елдері Халықаралық ең­бек ұйымымен бірлесіп құрған. “WAPES”-ке мүше елдер өзара жа­һандық кəсі­би байланыс орнатуды көздейді. …

ҚАУЫМДАСТЫҚ МҮШЕСІ Read More »

Орындаған тек жүректің әмірін

“Қазақ поэзиясының пайғамбары” атанған сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың тұлғалық болмысын ашу үшін ақынның “Жан сөзі” деген өлеңін тарихи контексте зерттеп көруге талпындық. Өз басым “Өзгелерім бір төбе, Ер Төстігім бір төбе” дегендей, Мағжан Жұмабаевтың “Жан сөзі” деген өлеңін ерекше қастерлеймін, өлеңді оқып отырғанда ақын жанымен сырласқандай күй кешемін. Қазақ әдебиетінде Мағжан Жұ­мабаевты философ ақын деп …

Орындаған тек жүректің әмірін Read More »

Ел тыныштығы – бірлікте

С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапха­насында “Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттау” жөнінде республикалық екі күндік лекторий өтті. Бұл жиынға КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әші­мов қатысты. Өнер майталманы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақ­таудың маңыздылығы туралы ой­ларымен бөлісіп, қазақстандықтар­дың әл-ауқатының негізі болып та­былатын бірлік пен еңбекті бағалау­ға шақырды. Бұл шараға …

Ел тыныштығы – бірлікте Read More »

Алқабилерге артылған міндет

Облыстық прокуратурада “Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптау­ды қолдау ерекшеліктері” тақыры­бында семинар-кеңес өтті. Жыл ба­сы­нан бері сотта алқабилердің қаты­суы­мен 32 аса ауыр қылмыс бойын­ша іс қаралды. Келесі жылдан бастап олардың қатысуымен қаралатын істер санаты тағы 13-ке толықпақ. Алқабилер үкім шығаратын сот отырысында прокурордың белсенді ұстанымы – ерекше маңызға ие. Сондықтан мемлекеттік айыптаушы үнемі өзін-өзі …

Алқабилерге артылған міндет Read More »

Жайылымдар қайтарылды

Өңірдегі бір кездері талан-таражға түсіп, оңды-солды заңсыз берілген жерлер қайтарылып жа­тыр. Облыс прокурорларының ара­ласуынан кейін 247 жайылымдық жер мемлекет меншігіне берілді. Облыстық прокуратураның мә­ліметінше, мамандар жер қатынас­тары саласына талдау жүргізу кезінде елді мекендерге жақын жайылымдардың жүйелі түрде заңсыз берілгендігін анықтады. Жер­гілікті атқарушы органдардың ла­уазымды тұлғалары Жер кодексінің талапта­рын бұза отырып, ауыл­дарға жақын жердегі 348 жайылым­дық …

Жайылымдар қайтарылды Read More »

Бірыңғай деректер базасы

Келер жылы Қазақстанда дәрі-дәрмектерді қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің бірыңғай деректер базасы іске қосылады. Үкіметте өт­кен кеңесте Премьер-Министр Әли­хан Смайыловқа тиісті цифрлық шешімдер таныстырылды. Дәрілік заттарды қадағалау жүйесі бірнеше мәселені бірден шешуге ықпал етеді. Атап айтқанда, медициналық ұйымдарда дәрілік заттарды қайта жазу және өтірік есептен шығару мүмкіндігін жойып, дәрілік заттардың бөлшек сауда­дағы …

Бірыңғай деректер базасы Read More »

ТАТУЛЫҚТЫҢ ОРДАСЫ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Достық үйінде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының қызметімен танысып, этномәдени бірлестік және құрылымдық бөлімше жетекшілерімен кездесті. Ашық диалог түрінде өткен кез­десу барысында Ғауез Торсанұлы ассамблея өкілдерін Рухани келісім күнімен, сондай-ақ алда кең көлем­де атап өтілетін Республика күні жалпы­ұлттық мерекесімен құттық­та­ды. Бір шаңырақ астында өмір сү­ріп жат­қан түрлі этнос өкілдері ара­сында достық пен …

ТАТУЛЫҚТЫҢ ОРДАСЫ Read More »

ШАЛҒАЙДАҒЫ ШҰҒЫЛАЛЫ ІСТЕР

Уәлиханов ауданының орталы­ғы – Кішкенекөл жыл өткен сайын ажарланып, сәніне сән, жанына жан қосылып келеді. 2017-2023 жылдар аралығында елді мекеннің әлеу­меттік-экономикалық дамуына 4127,3 млн. теңге жұмсалған. Осы кезең ішінде 815,2 млн. теңгеге кө­шелер мен жолдар қалпына келті­рілген. 250 млн. теңгеге стадион, спорттық және балалардың ойын алаңдары салынған. 145,4 млн. тең­геге аудандық Мәдениет үйі кірсе, шыққысыз …

ШАЛҒАЙДАҒЫ ШҰҒЫЛАЛЫ ІСТЕР Read More »

Апатты үйлер сүріледі

Петропавлда реновация бағ­дарламасы бойынша 6 апатты көпқабатты үй сүріледі. Бұл жайында облыс әкімі Ғауез Нұр­мұхамбетов әлеуметтік желі­дегі парақшасында жариялады. Жалпы қаланың тұрғын үй қорын жа­ңарту, апатты және ескі баспана­ларды бұзу, сүру – өзекті мәселелер­дің бірі. Осы ретте өңірде “Жаңа қала” атты реновация бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл жобаның арқасын­да ескі және тозығы жеткен тұрғын үйлер сүріледі, …

Апатты үйлер сүріледі Read More »

МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхам­бетов облыс орталығындағы бірқа­тар құрылыс нысандарын аралады. Береке шағынауданында салынып жатқан түзету мектеп-интернатының құрылысымен танысты. 50 адамға арналған жатын корпусы бар 300 орындық түзету мектеп-интернаты келесі жылы ашылуы тиіс. Абат­тан­дыру және инженерлік желілер тарту басталмаған, әлі жобалау сатысында. Бұл жұмыс­тарды шымкенттік фирма орын­дайды. Облыс әкімі шағынаудан тұр­ғындары арасында саламатты өмір салтын насихаттауға …

МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАР Read More »

Мектепке ұстаздың есімі берілді

Облыстық мәслихаттың кезек­тен тыс жетінші сессия­сында бірне­ше мәселе қаралды. Депутаттар 2023 жылға арнал­ған облыстық бюджетті нақтылау, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесіне то­лықтырулар енгізу, кейбір әкім­шілік-аумақтық бірліктердің атын өзгерту, бюджет қаражаты есебі­нен ауыл­дық жерлерге және кент­терге, ау­дан­дық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс іс­теуге жіберілген медициналық және фармацевтика­лық қызмет­керлерге …

Мектепке ұстаздың есімі берілді Read More »

Сәби сау болсын десең…

Өңірімізде осыдан он жыл бұрын даун синдромы бар оннан астам бала дүниеге келсе, қазір осындай дертпен туатын нәрестелердің саны үш есе азайған. Бұл алдын ала диагности­калаудың нәтижесі. Облыстық көпбейінді аурухана жанындағы перинаталдық орталықтың генетик-дәрігері Мәншүк Жетпісбаева қай уақытта генетиктің көмегіне жүгіну қажеттігін, хромосомалық ауытқудан туындайтын дерттер, оның алдын алу жөнінде айтып берді. – Мәншүк Ерікқызы, …

Сәби сау болсын десең… Read More »

ТОЗҒАН КӨЛІКПЕН НАУҚАС ТАСИДЫ

Кез келген уақытта науқастарға қарай құстай ұшатын “Жедел жәрдем” қызметінің көмегіне жүгінбейтін жан жоқ. Осындайда шақырту бойынша лезде жетуі тиіс жедел жәрдемнің қыз­меттік көлігіне баса назар аудармайды екенбіз. Жаны қысылған адамға дер кезінде көмек көрсе­туде осы көліктердің сапасы аса маңызды. Сондықтан облыстағы жедел жәрдем көліктерінің жай-күйімен танысуға бел будым. Облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының ғимараты …

ТОЗҒАН КӨЛІКПЕН НАУҚАС ТАСИДЫ Read More »

Талпынған жетер мұратқа

Айыртаулықтар “Bon appetit” қоғамдық тамақтану орнын жақсы біледі. Оның иелері – Айбек пен Әсел Ағзамовтар. Заманауи стандарттар бойын­ша жабдықталған кешен аудан орталығы – Саумалкөлде орналас­қан. Мұнда дайындалатын дәмді және алуан түрлі тағамдар, жылдам қызмет көрсету сервисі үлкен сұ­ранысқа ие. Жас кәсіпкерлер орта және шағын бизнестің тікелей қа­тысушылары бола отырып және өз мүмкіндіктері мен әлеуеттерін есеп­тей …

Талпынған жетер мұратқа Read More »

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА ҮМІТ АРТАМЫЗ

Кез келген мемлекеттің беделі, абыройы – оның спорттағы жетістіктерімен тығыз байланысты. Кейде футболдағы қол жеткізген табыстармен есептелетінін қазіргі ақпараттар легінен-ақ анық аңғара аламыз. Иә, елімізде әлемдегі нөмірі бірінші спорт түрі әлі биік тұғырға көтерілген жоқ. Дегенмен соңғы уақытта ұлттық құрама көз сүйсіндіріп жүргені де жасырын емес. Биыл ел құрамасы Ұлттар ли­гасында өз тобында бірінші орынға …

ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАҒА ҮМІТ АРТАМЫЗ Read More »

ӨНЕР БӘЙГЕСІНДЕ ОЗА ШАПТЫ

Түркияның Адана қаласында 7-12 қазан аралығында “Global art competition – 2023” атты халықаралық жас орындаушылар байқауы өтті. Аталған байқауға Е.Серкебаев атындағы өнер колледжі-мектеп-интернат кешенінің тәрбиеленушілері мен оқытушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Халықаралық байқауда Грузия, Армения, Грекия, Түркия мемле­кет­тері мен Қазақстан қалалары­нан барған өнерлі жастардың бас­тары тоғысты. Байқауда ел намы­сын қорғаған Е.Серкебаев атында­ғы өнер колледжі-мектеп-интернат …

ӨНЕР БӘЙГЕСІНДЕ ОЗА ШАПТЫ Read More »

“Ұлпан” романының қолжазбасы

Облыстық тарихи-өлкетану музейіне бас сұққан мейман­дарды құнды жәдігер – көркемсөздің зергері, жерлес жазушы Ғабит Мүсіреповтің “Ұлпан” романының қолжазбасы қызықтырады. Туындының мәтіні араб графикасымен торкөз дәптер парақтарына қарындашпен жазылған. Қолжазба 240 беттен тұрады. “Ұлпан” – 1974 жылы ел шежіре­сінің мазмұны негізінде жазылған тарихи романдардың бірі. Бұл роман үш бөлімнен және жиырма төрт та­раудан құралған. Ұлпан романында …

“Ұлпан” романының қолжазбасы Read More »

Мұражайдағы “ерлік сабағы”

Республика күні қарсаңында облыстық полиция депар­та­ментінің мұражайында “Ерлік сабағы” өтті. Бірқатар жас қызметкерлер алғашқы қыз­меттік куәліктері мен погон­дарын алды. Бұл күні патруль­дік, учаскелік полиция инспек­торлары, ювеналды полицей­лер, анықтаушылар, тергеуші­лер, жедел уәкілдер, кримина­листер облыс полициясының қатарын толықтырды. “Қызметкерлердің әрқайсысы үшін естен кетпес күн. Жас қызмет­керлердің ар­дагерлерді бағалауы және құрмет­теуі, туған өлке мен ведомствоның тарихын білуі өте …

Мұражайдағы “ерлік сабағы” Read More »

Мүмкіндіктер алаңы

Қызылжар ауданының ор­талығы – Бескөл ауылында инклюзивті білім беру жоба­сы аясында ата-аналарға ар­налған “Инклюзивті білім бе­рудің мәселелері мен бола­ша­ғы” атты тренинг өтті. Оны “АРДОС-Жүрек” мүге­дектер бірлестігі мен облыс­тық пси­хологиялық-медици­налық-педагогикалық кеңес орталығы­ның мамандары ұйымдастырды. Шараға 20-дан астам ата-ана қатыс­ты. Инклюзивті білім беру – бұл ба­ла­ның физикалық, ақыл-ой, интеллектуалды және басқа да ерекше­ліктеріне қарамастан, жалпы білім беру …

Мүмкіндіктер алаңы Read More »