«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алқабилерге артылған міндет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық прокуратурада “Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істер бойынша мемлекеттік айыптау­ды қолдау ерекшеліктері” тақыры­бында семинар-кеңес өтті. Жыл ба­сы­нан бері сотта алқабилердің қаты­суы­мен 32 аса ауыр қылмыс бойын­ша іс қаралды. Келесі жылдан бастап олардың қатысуымен қаралатын істер санаты тағы 13-ке толықпақ.

Алқабилер үкім шығаратын сот отырысында прокурордың белсенді ұстанымы – ерекше маңызға ие. Сондықтан мемлекеттік айыптаушы үнемі өзін-өзі дамытып, соның ішінде кәсіби деңгейін ғана емес, сонымен бірге құқықтық сауаттылығын да арттыруы қажет.

Іс-шараға құқық қорғау органда­ры академиясының профессоры мен облыс судьялары арнайы шақырылды. Кездесуде сөз алған облыс про­куроры Қайрат Әбдіхановтың ай­туынша, прокурорлық қызметтің негізгі функцияларының бірі – мемлекеттік айыптаушы ретіндегі рөлі. Қылмыстық қудалаудың соңғы кезеңі ретінде, оның сотта сенімді сөз сөй­леуі, құқық нормаларын дұрыс қол­дануы және дәлелдемелерді шебер ұсынуы маңызды.

“Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот­та оның барлық кезеңдерімен мо­дельденген сот ісін жүргіземіз. Мем­лекеттік айыптаушылар мен адво­каттар ретінде тартылған прокурор­лардың қызметіне алқабилер ретінде іріктелген университеттің 4 курс студенттері баға береді”, – деді Қайрат Әбдіханов.

Семинар аясында академия про­фессорымен шешендік шеберлік, сенімді сөйлеу дағдылары, пікірталас, кейстік есептер мен стандартты емес жағдайларды шешу бойынша тренингтер ұйымдастырылды.

Прокурорлардың кәсіби дағды­лары мен біліктілігін арттыру бойын­ша осындай жұмыстар алдағы уа­қытта да жалғасын таппақ.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp