«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бірыңғай деректер базасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Келер жылы Қазақстанда дәрі-дәрмектерді қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің бірыңғай деректер базасы іске қосылады. Үкіметте өт­кен кеңесте Премьер-Министр Әли­хан Смайыловқа тиісті цифрлық шешімдер таныстырылды.

Дәрілік заттарды қадағалау жүйесі бірнеше мәселені бірден шешуге ықпал етеді. Атап айтқанда, медициналық ұйымдарда дәрілік заттарды қайта жазу және өтірік есептен шығару мүмкіндігін жойып, дәрілік заттардың бөлшек сауда­дағы бағасына, қалдықтарына және жарамдылық мерзімдеріне мони­торинг жүргізеді.

Толық қадағалау мақсатында әр қорапқа екі өлшемді бірегей “Data Matrix” коды қолданылады. Нәтиже­сін­де республикадағы дәрілік зат­тардың толық айналымын өндіріл­ген сәттен бастап қолданысқа дейін онлайн бақылауға мүмкіндік туады.

“Жүйе дәрілік заттардың көлең­ке­лі саудасын едәуір төмендетеді және оларды орталықтандырылған сатып алуды тиімді жоспарлауға көмектеседі. Жалпы платформада дәрі-дәрмек қорын таблетка санына дейін қадағалауға болады”, – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев.

Сондай-ақ ашықтықты арттыру арқылы ықтимал контрафактілік өнімдерді анықтауға, сондай-ақ дәрі­лік заттардың бекітілген бөлшек сау­да бағаларын бақылауға мүмкін­дік туатыны атап өтілді.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp