«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жайылымдар қайтарылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірдегі бір кездері талан-таражға түсіп, оңды-солды заңсыз берілген жерлер қайтарылып жа­тыр. Облыс прокурорларының ара­ласуынан кейін 247 жайылымдық жер мемлекет меншігіне берілді.

Облыстық прокуратураның мә­ліметінше, мамандар жер қатынас­тары саласына талдау жүргізу кезінде елді мекендерге жақын жайылымдардың жүйелі түрде заңсыз берілгендігін анықтады. Жер­гілікті атқарушы органдардың ла­уазымды тұлғалары Жер кодексінің талапта­рын бұза отырып, ауыл­дарға жақын жердегі 348 жайылым­дық учаскені заңсыз берген.  Оның жалпы ауданы – 54 мың гектар.

Қадағалау органының шарала­ры бойынша облыс әкімдігі мен жер ре­сурстарын басқару департаменті сот­қа талап қою арқылы ауданы 38 мың гектар жер учаскесін қайтарып алды. Қазіргі уақытта қалған жер­лерді мем­лекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.  Прокурорлар­дың ұсынымын ескерген әкімдік мамандары  жайылым тапшылығын жою мақсатында  елді мекендердің жер көлемін 114 мың гектарға ұл­ғайт­қан, сондай-ақ аг­роөнеркәсіптік ке­шен субъек­ті­лерімен жайылымдарға қажеттілікті жоюға бағытталған ме­морандумдар жасалды.

Нәтижесінде өңірде ауыл халқы үшін жайылымдық жерлердегі тап­шылық 538 мыңнан 386 мың гек­тарға  дейін азайды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp