«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұражайдағы “ерлік сабағы”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Республика күні қарсаңында облыстық полиция депар­та­ментінің мұражайында “Ерлік сабағы” өтті. Бірқатар жас қызметкерлер алғашқы қыз­меттік куәліктері мен погон­дарын алды. Бұл күні патруль­дік, учаскелік полиция инспек­торлары, ювеналды полицей­лер, анықтаушылар, тергеуші­лер, жедел уәкілдер, кримина­листер облыс полициясының қатарын толықтырды.

“Қызметкерлердің әрқайсысы үшін естен кетпес күн. Жас қызмет­керлердің ар­дагерлерді бағалауы және құрмет­теуі, туған өлке мен ведомствоның тарихын білуі өте ма­ңызды. “Ерлік сабағының” Республи­ка күні қарса­ңында өтуі жас қызмет­керлеріміздің жауапкершілігін арт­тыра түсері сөз­сіз”, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сәуле Андағұ­лова.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp