«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жанашыр жастар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Аманат” партиясы “Жастар рухы” жастар қанатының белсенділері облыс орталығындағы тарихи-мәдени нысандардың маңа­йын жинастыру бойынша акция өткізді. Петро­павл қа­ласының “Qyzyljar-Art” орталығына жиналған­дар қо­қыстарды, жапырақтар мен бұтақтарды жинап, жаб­дықтарды тасымалдауға көмектесті.

“Qyzyljar-Art” орталығы – өңір­дегі көрнекті және заманауи мә­дениет нысандарының бірі. Жазда ашық ас­пан астындағы па­вильонда көрмелер, концерттер мен шеберлік сыныптары өткізі­леді. Жуырда жастар қанатының мүшелері бастама көтеріп, орта­лық­тағы орындықтар мен сөре­лер­дің ор­нын ауыстыруды, маңа­йын мұнтаздай етіп жинауды жос­парлаған. Мұндағы жұмыстарға қол ұшын беріп, еңбек ет­кен жас­тар орталықтың келесі маусы­мын асыға күтетіндерін жеткізді.

Аталған акция “Жас­тар ру­хы” жастар қанатының қол­дауымен бү­кіл республика бо­йын­ша өтуде. Бұған дейін ел жас­тары “Жұмбақтас” жарта­сын, “Бу­ра­бай” мемлекеттік ұлттық-та­би­ғи паркін тазалауға қатыс­ты. Игі іс “Ақ­қайнар” петроглифтік ке­ше­ні мен “Там­ғалы-Тас” шатқалын­да да жүзеге асты.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp