«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қазан 23, 2023

Шешілмеген түйткілдер

Облыстық әкімдіктің кезекті оты­рысында өңірдің 9 айдағы әлеумет­тік-экономикалық дамуы, халықты тұ­рақты электр қуатымен қамту мәсе­лесі қаралды. Әкімдік отырысы кадрлық тағайындаумен басталды. Өңір басшысы Ғауез Нұр­мұхамбетов жиналғандарға жаңа орынбасары Қанат Дүзел­баевты таныстырды. Одан әрі облыстың әлеуметтік-эко­номикалық дамуы бойынша бір­қатар басқарма өкілдері баяндама жа­сады. Дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша өңірде өсім байқалғаны­мен, бірқатар аудандарда көрсеткіш төмен. Атап айтқанда, …

Шешілмеген түйткілдер Read More »

Облыс әкімінің жаңа орынбасары

Облыс әкімінің өкімі­мен Қанат Малғаждарұлы Дүзел­баев Солтүс­тік Қазақ­стан об­лысы әкімінің орын­басары бо­лып тағайын­далды. Қанат Малғаждарұлы 1974 жылы Ақмола облысында дүниеге кел­ген. Алматыдағы экономика және статистика академиясын бі­тір­­­ген. Еңбек жолын 1995 жылы Ұлт­тық банк орталығында эконо­мист болып бастады. Банк, қазынашылық, эконо­ми­ка және бюджетті жоспарлау сала­сында тәжірибесі мол. Осы тағайындауға дейін Ақ­мо­ла облысының экономика және бюд­жеттік жоспарлау …

Облыс әкімінің жаңа орынбасары Read More »

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫ ЖАБЫРҚАТАДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жамбыл ауданындағы жұмыс сапарын Кладбинка ауылынан бастады. Мұнда салынып жатқан медициналық пункттің құрылысы аяқталуға жақын “Еділ-Строй-Сервис” ЖШС-ның директоры Ербол Әуелбеков нысанның биыл пайдалануға берілетінін, жобалық құны 157,3 млн. теңге тұратынын жеткізді. Аудан орталығында 16 пәтерлі үй қалпына келтіріліп, баспана кезе­гін күткен тұрмысы төмен отбасы­ларға берілген. Бұдан бөлек, жақын арада заманауи спорттық …

ЖОЛДЫҢ ЖАЙЫ ЖАБЫРҚАТАДЫ Read More »

Желбіресін әрқашанда аспанда

Республика күні қарсаңында “Аманат” партиясының “Жас­тар рухы” жастар қанаты мен жастар ресурстық орталығының бел­сен­ділері Петропавл қаласының Жамбыл көшесіндегі 18 қабат­ты үйге еліміздің көк Туын ілді. Бұл қала тұрғындарының бо­йындағы мем­лекеттік рәміздерге деген сүйіс­пеншілік пен құрмет сезімін оятуға сеп болады. – Ұлттық бірегейлік пен елімізге деген сүйіспеншілік қазақстан­дық­тардың жүрегінде ерекше орын алады. Осы үйге жалаушаларды ілу …

Желбіресін әрқашанда аспанда Read More »

ТАЛАПТЫҢ МІНГЕН ТҰЛПАРЫН

Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясының “Өнер” орталығында V-ші облыстық “Сайра домбыра” атты байқау өтті. Бұл жобаны әнші, Петропавл қаласының құрметті азаматы Дәмеш Құрманкина екі жылда бір рет өткізіп келеді. “Сайысты өткізудегі басты мақсат дарынды жастарды тауып, олардың талаптарын ұштау. Биыл жерлесіміз, ақын, сазгер, әнші, халқымыздың маңдайына біткен жарық жұлдызы Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толып …

ТАЛАПТЫҢ МІНГЕН ТҰЛПАРЫН Read More »

Сауатты жарнама — тіл абыройы

Достық үйінде облыстық мәде­ниет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен облыс орталығының көрнекті ақпа­ра­тын “Қазақстан Республика­сын­дағы тіл туралы” Заң талаптарына сәйкес­тен­діру, мемлекеттік тілде ресім­дел­ген жарнама мәтіндеріндегі қа­телерді жою, сонымен қатар “Са­уат­ты жарна­ма – тіл абыройы” бай­қа­уының жеңім­паздарын марапаттау мақсатында іс-шара өтті. Шараға қатысқан облыстық сауда және тұтынушылардың құқық­тарын қорғау департаментінің, кәсіп­керлік және индустриалдық-инновация­лық да­му …

Сауатты жарнама — тіл абыройы Read More »

Жанашыр жастар

“Аманат” партиясы “Жастар рухы” жастар қанатының белсенділері облыс орталығындағы тарихи-мәдени нысандардың маңа­йын жинастыру бойынша акция өткізді. Петро­павл қа­ласының “Qyzyljar-Art” орталығына жиналған­дар қо­қыстарды, жапырақтар мен бұтақтарды жинап, жаб­дықтарды тасымалдауға көмектесті. “Qyzyljar-Art” орталығы – өңір­дегі көрнекті және заманауи мә­дениет нысандарының бірі. Жазда ашық ас­пан астындағы па­вильонда көрмелер, концерттер мен шеберлік сыныптары өткізі­леді. Жуырда жастар қанатының мүшелері бастама …

Жанашыр жастар Read More »

ЕГЕМЕНДІК – ЕҢ ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ

“Егемен болмай, ел болмас” деп, ата-бабаларымыз армандап айтып кеткен егемендікке қол жеткізіп, әлемнің саяси картасынан ойып орын алған мемлекет құру бақыты бізге бұйырды. Бұған мерейіміз тасып, еліміздің егемендігі мен тә­уел­сіздігі жарияланған күндердің екеуін де мерекелейтін болдық. Ал Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­тас­тығы елдерінің ішінде Ресей Фе­дерациясында тәуелсіздік күні жоқ. 1990 жылы осы елдің халық депутат­тарының бірінші съезі …

ЕГЕМЕНДІК – ЕҢ ҚАСТЕРЛІ ҰҒЫМ Read More »

Тәуелсіздікке жол ашқан құжат

1990 жылы Алматыдағы “Зерде” ғылыми журналының редакциясын­да бөлім меңгерушісі болып қызмет істеп жүрген кезімізде еліміздің тә­уел­сіздігіне тұңғыш рет жол ашқан құн­ды құжаттың қабылдануына бай­ла­нысты өткізілген салтанатты жиынға қатысып, осынау тарихи оқи­ғаға біз де куә болған едік. Қазақстан Республикасы Прези­дентiнiң 1995 жылғы жарлығымен 25 қазан – Республика күнi Қазақ­стан Республикасының Ұлттық ме­рекесi болып жарияланды. Арада алты …

Тәуелсіздікке жол ашқан құжат Read More »

Ұстаздық — ұлы мұрат

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп данышпан Абай атамыз айтқандай, шәкірт жүрегіне нұр құйған жандардың орны қашан да бөлек. Саналы ғұмырын өнерге, шәкірт тәрбиелеу ісіне арнаған жандардың бірі – Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі- музыкалық-эстетикалық бағыттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-кешенінің директоры Роза Кәшенова. Ерекше дауысқа ие нәзік жан жүздеген жас таланттардың өнер айдынынан өз …

Ұстаздық — ұлы мұрат Read More »

Ел велоспортының отаны

Ата-бабаларымыз кезінде жүйрік ат мініп жарысса, бүгінгі жастар велосипедпен додаға түсіп жүр. Түрлі халықаралық жарыстарда топ жарып, еліміздің атын әлемге танытуда. Соңғы уақытта байрақты бәсекелерге қатысып жүрген­дердің арасында қызылжарлықтардың қарасы қалың. Бұл Солтүстік Қазақстан облысы – еліміз велоспортының ұс­таханасы екенін тағы бір дәлелдей түседі. Қызылжарда велоспорт өзге өңір­лермен салыстырғанда жақсы дамыған. Оған дәлел атақты жерлес­теріміздің …

Ел велоспортының отаны Read More »