«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Желбіресін әрқашанда аспанда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Республика күні қарсаңында “Аманат” партиясының “Жас­тар рухы” жастар қанаты мен жастар ресурстық орталығының бел­сен­ділері Петропавл қаласының Жамбыл көшесіндегі 18 қабат­ты үйге еліміздің көк Туын ілді.

Бұл қала тұрғындарының бо­йындағы мем­лекеттік рәміздерге деген сүйіс­пеншілік пен құрмет сезімін оятуға сеп болады.

– Ұлттық бірегейлік пен елімізге деген сүйіспеншілік қазақстан­дық­тардың жүрегінде ерекше орын алады. Осы үйге жалаушаларды ілу арқылы біз Республика күнінің маңыздылығын еске салудамыз. Патриоттық тәрбие елдің болаша­ғын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Біз Қазақстанның дамуы мен ілгерілеуіне белсенді ықпал ететін жауапты буын қалыптас­тыр­ғымыз келеді, – деді “Жас­тар рухы” жастар қанаты облыстық филиа­лының төрағасы Бір­жан Құдай­берген.

Белсенділердің бұл бастама­сын қала тұрғындары да қолдады.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp