Облыстық әкімдіктің кезекті отырысында өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықты тұрақты электр қуатымен қамту мәселесі қаралды. Әкімдік отырысы кадрлық тағайындаумен басталды. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов жиналғандарға жаңа орынбасары Қанат Дүзелбаевты таныстырды.
Одан әрі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар басқарма өкілдері баяндама жасады. Дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша өңірде өсім байқалғанымен, бірқатар аудандарда көрсеткіш төмен. Атап айтқанда, инвестиция тартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде шешілмеген түйткілдер бар. Бұдан бөлек жол құрылысы, тұрғын үй құрылысы және өзге салаларға бөлінген қаржыны игеруде артта қалып отырған аудандар жоқ емес. Ғауез Нұрмұхамбетов аудандар мен басқармалар басшыларына аталған мәселелерді шешу үшін бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар отырыста елді мекендерді электр энергиясымен қамтамасыз ету жайы да сөз болды. Әкімдік отырысы жайлы толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.
Диас АЯҒАН,
“Soltüstık Qazaqstan”.