«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тарихы терең

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңіріміздегі Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруа­шылығы колледжі өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті. Салтанатты шараға еңбек ардагерлері, педагогтар мен сту­денттер, колледж түлектерімен қатар белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері жиналды.

Елдің болашағын көркейтіп, өс­келең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өзіндік орны бар білім ордасының тарихы терең. Бүгінгі таң­да іргесі бекіп, керегесі кеңейген кол­ледж – өңіріміздегі ауыл шаруашы­лығы саласында маман­дар даярлай­тын алдыңғы қатарлы оқу орында­рының бірі.

Есіл ауыл шаруашылығы коллед­­жі­нің тарихы ертеден бастау ала­ды. Ең алдымен бұл жерде 1885 жылы ауыл шаруашылығы мектебі бой көтеріп, 1923 жылы техникум бо­лып қайта құрылыпты. 1997 жылы кол­ледж аталып, 2001 жылы Кеңес Ода­ғының Батыры Жәлел Қизатов­тың есімі беріледі. Бүгінде оқу орны сегіз мамандық бойынша кадр даяр­лайды.

Аталған колледжді жыл сайын шамамен 200-ге жуық маман тамам­дайды. Мұнда санға емес, сапаға баса мән беріледі. Материалдық-тех­никалық база үнемі жаңартылып тұрады. Болашақ маманның білім алуына бар жағдай жасалған. Дуалды оқыту жүйесі де қолға алын­ған. Оқы­тушылар ұжымы теория мен тәжі­рибені сәтті ұштастырудың орайын тапқан.

Сонымен қатар колледж қарама­ғында жайлы жатақхана, асхана мен шеберханалар бар. Қазіргі таңда оқу корпусында жөндеу жүргізілуде. Көкө­ніс, картоп егіледі. Алынған өнім асха­наға тапсырылады. Ал коллед­ж­дің шежіресі мұражайда сақтаулы. Мәсе­лен, онда ең алғаш ашылған агроно­мия бөлімінің тарихы туралы біліп, бірінші салынған оқу корпусы­ның макетін тамашалап, осы күнге дейін сақталып қалған көне кітаптар­мен танысуға болады.

Сондай-ақ бұл салтанатты ша­рада жылдар бойы болашақ маман­дарды тәрбиелеп, кәсіби мамандарды даярлауда адал еңбек еткен ұс­таздар мен еңбек ардагерлеріне құр­мет грамоталары табысталды, елі­міз­дің түкпір-түкпірінен келген кол­ледж­дің түлектері құттықтаулар айтып, жы­лы лебіздерін білдіріп жатты.

Іс-шара соңында оқу ордасынан түлеп ұшқан мамандар “Түлектер ал­леясына” көшеттер отырғызып, арнайы ұйымдастырылған “Естелік ала­ңы” фотоальбомынан өздері білім ал­ған уақыттағы суреттерді қызықтап, студенттік кездерін еске алды.

Сонымен қатар келген қо­нақтар мекеменің жаңа материалдық-техникалық құралдармен жабдықталған оқу кабинеттерін, зертханаларын ара­лады.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp